"Haoshi design" деп аталатын Тайвань студиясы алты жылға жуық еңбек жолында көпшілік көзайымына айналып үлгерді. Қытай тілінен аударғанда "жақсы заттар" деген мағына беретін студия бірнеше рет сәнді сағаттар мен шамшырақтар коллекциясын жұртшылыққа ұсынған.
Cuckoo Clock
Қабырғада ілініп тұратын сағатттар коллекциясы. Бұл коллекция - құстың атауы. Яғни, түрлі сағаттар мен оятарда шырылдайтын еңбекқор құстар бейнеленген. Бірақ қабырғаның кеңдігі ескеріліп, дизайнерлер екі құстың да мүсінін жасаған.
Swallow X Clock
Бұл коллекцияда сағаттағы 12 санын қарлығаштар көрсетеді. Бұл сағат - уақытпен бірге құстардың да тоқтамайтынын және уақыттың құнды екенін визуалды түрде түсіндіреді.
Moon Clock
Сағаттың сыртқы қабаты люминесцентті жабынмен жабылған. Күн батысымен сағат басқа түске еніп, жарық түсіреді. Бұл сағатта тек түнде кезетін, орман қорғайтын аңдар ғана бейнеленген. Яғни қасқыр, қарға, жарқанат сынды жануарларды көре аласыздар.
Goldfish Clock
Goldfish Clock сағатының тілі 9 алтын балықтан құралған бағытпен айналады. Алтын балықтар арқылы сандарды анықтауға болады. Шығыс мәдениетінде тоғыз саны киелі. Ал алтын балық байлық пен бақыттың символы саналады.
Merry-Go-Round Clock
Merry-Go-Round каруселіне мінуді әрбір бала армандайды. Бұны балалар аттракционының классикасы деуге болады. Merry-Go-Round сағаты да осы карусельдің пішінінде жасалған. Бір ғана макет. Ағылшынша бұл карусель «бақыттан басы айналу, дөңгелену» деген мағынаны білдіреді. Аттракционда бір отбасы бейнеленген. Жылқыдағы бала – секунд тілі, анасы - минут тілі, әкесі – сағат тілі. Ал, 12 ,2, 4, 6, 8, 10 сандары белгіленген алты Рим бағанасы уақыттың нақтылығын көрсетеді. Карусель баяу айналып, сағаттың неше болғанын көрсетіп тұрады.
Сурет: djournal.com.ua