HTC One M9 смартфоны сатылымға қашан шығады?

HTC компаниясының жаңа смартфонын ресми таныстыру күніне бір апта қалғанда HTC One M9 өнімі туралы ғаламторда жаңа ақпараттар тарап кетті. Құрылғының техникалық мінездемесін Mobile Geeks ақпараттық ресурсы жариялаған. Ағымдағы ақпаратқа енген суреттерден жаңа смартфонның дизайны 2014 жылы шығарылған M8 моделінен көп айырмашылыққа ие емес. Әйткенмен оның өзіндік ерекшеліктері бар екен.

Қытайлық HTC соңғы үш төрт жыл бойы смартфондар нарығында бесекелеске қабілетті өндіруші болуға тырысып келеді. Ендеше компания 2015 жылғы нарықтағы үлесін арттыру мақсатында арзан бағамен өнім шығаруды жоспарлаған. Соңғы қаржы нәтижесіне көз жүгіртсек, HTC компаниясы өзінің стратегиялық жоспар межесінде жұмыс істей алатынын дәлелдеп отыр.

HTC One M9 смартфоны Samsung, Sony және Huawei сынды компаниялардың өнімдерімен біріге Apple-дің көп сұранысқа ие iPhone 6 смартфонын нарықтан ығыстыру мақсатында шығарылған. Расында купертинолық компанияның өткен жылдың күзінде сатылымға шыққан смартфоны әзірге дейін нарықтағы біріншілігін бермей келеді.

Жаңа өнімнің техникалық мінездемесі мен дизайнына тоқталсақ, HTC One M9 аппараты M8 моделінің алюминиден жасалған корпусын, алдыңғы BoomSound динамикасы мен 5-дюймді Full HD экранын қайталайды. Енді UltraPixel технологиясы тек артқы камерада ғана емес, селфиге арналған камераның да сапалы шығуын қамтамасыз етпек.

Сондай-ақ, құрылғы 2 ГГц жиілікпен жұмыс істейтін Snapdragon 810 процессорымен қамданған. Жедел жадысы 3 Гбайт болса, негізгі жадысы 32 Гбайт көлемді құрап отыр. Одан бөлек, HTC Sense 7 қолданушы интерфейсіне ие Android 5.0 (Lollipop) оперативті жүйесімен жұмыс істейді.

Алдын ала ғаламторда тарап кеткен сүреттерге мән берсек, HTC One M9 смартфоны екі түрлі нұсқада болмақ. Бірі алтын және күміс түстерін қамтыса, екіншісі сұр қара болып шығады.

Ресми ақпаратқа орай, жаңа өнімдер Барселона қаласында өтетін Mobile World Congress халықаралық көрмесіне қойылады. Бірақ өнімнің сатылымға шығу күні әзірге белгіленбеген. Айта кететін жәйт, HTC компаниясының өткен жылы шыққан флагманды өнімі (One M8) анонстан кейін бірден сатылымға шыққан болатын.

Ендеше аталған халықаралық көрмеде Samsung Galaxy S6 және Sony Xperia Z4 смартфондарының таныстырылуын ескерсек, HTC бәсекелестерден қалмау үшін One M9 сатылымын ертерек бастауға тиіс болады. HTC компаниясы,сондай-ақ, MWC-2015 көрмесінде HTC Petra смарт-сағатын да таныстырмақ.

Естеріңізге сала кетсек, MWC-2015 халықаралық көрмесі наурыз айының 2-сі мен 5-і аралығында ұйымдастырылады. Ал көрмеге қатысты толық шолу мен баспасөз мәслихаты 1 наурызға жоспарланған.

Сурет: bgr.com

Оқи отырыңыз: 

Экраны жоқ смартфон нарықты бағындыруда

HTC жаңа смартфоны қандай болмақ?

Samsung Galaxy S6 смартфоны сатылымға қашан шығады?

Microsoft смартфондары елімізде қол жетімді бағамен сатылады