Гаджеттер жарыққа шаққаннан кейін әртүрлі сынақтар мен краш-тесттер болатыны қалыпты үрдіс. Бірі жерге лақтырып жатса, екіншісі суға батырып гаджеттің төзімділігін сынайды. Ал бүгінгі сынақ ерекше болмақ. Digiato ресурсының мамандары HTC One M9 смартфонының отқа төзімділігін сынап көрді.
Видеода гаджеттің жануынан бұрын дроп-тесттің шамасын байқауға болады. Үш рет жерге құлаған смартфонның дисплейі сынса да, жарамды кейпін сақтап тұрғанын көресіздер. Ал оттың жалыны гаджетке оңайға соқпасы анық. Ендеше барлығын видеодан тамашалаңыздар.
Гаджет алғашқы 15 секундқа ғана төтеп бере алды. Ал кейінгі жағдайы қайта қалпына келмейтінін кез келген адам түсіне алады.