Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтардың басым бөлігі онлайн базаға ие. Ол кез келген азамат туралы бірегей мәліметтерді топтастыру мүмкіндігіне ие. Ал жақын болашақта BIG DATA (ақпараттар қоры) қандай маңыздылыққа ие болады?
2045 жыл, Алматы қаласының тұрғыны Айбол ауылдың сапырылған қымызын ішкісі келіп, тапсырыс бермек болады. Сонымен желідегі әңгіме:
— Google қымызханасы, қайырлы күн. Тыңдап тұрмын!
— Қандай қымызхана?
— Google қымызханасы. Қандай тапсырыс бересіз?
— Бірақ … Бұл "Аттан Қазақ" қымызханасы емес пе?
— Болған. Google корпорациясы оны сатып алғаннан кейін атауы осылай өзгерді. Енді қымызхананың қызмет көрсету сапасы да әлдеқайда жақсарды.
— Жарайды. Тапсырыс қабылдайсыз ба?
— Әрине! Тапсырысыңыз әдеттегідей ме?
— Әдеттегідей? Сіз оның қандай екенін қайдан білесіз?
— Бізде тапсырыс берушілердің идентификаторы орнатылған. Сіз осы нөмір арқылы жасаған соңғы 53 тапсырысыңызда да "Іле Алатау" қымызын бір келі бауырсақпен бірге алғансыз.
— Мәсаған, білмеген екенмін …! Жарайды, ендеше сол.
— Кешіріңіз, сізге бір ұсыныс айтсам бола ма?
— Әрине.
— Сізде біздің мәзірдің толық нұсқасы бар ма?
— Жоқ.
— Мен сізге Үшқоңырдың жайлауындағы биенің қымызынан арнайы дайындалған, жасыл дәмдеуіштері бар, тау суы қосылған, қышқылы аз, жасанды жолмен ароматталған "Нұрата" қымызын ұсынамын.
— Жасыл дәмдеуіш? Тау суы? Аз қышқыл? Ароматталған? Мен мұның бәрін жек көремін ғой!
— Түсініп тұрмын. Бірақ бұл сіздің денсаулығыңызға пайдалы. Одан бөлек, соңғы кездері асқазаныңыз қышқыл сусынды қорыта алмай жүр.
— Мұның бәрін сіз қайдан білесіз?
— Google әлемдегі ең үлкен ақпараттар қорына ие. Байланыс нөмірі арқылы біз сіз туралы базалық мәліметтер мен емханадағы анализдеріңізге дейін анықтай аламыз.
— Ақпараттар қорыңызға ... сіздің! Маған қышқыл қымыз керек. Мен асқазанымды емдеу үшін дәрілер ішіп жүрмін. Сондықтан бұл мәселе емес, түсінікті ме?
— Өкінішке орай, сіз соңғы күндері дәрілерді ішпей жүрсіз.
— Сен оны қайдан білесің. Мені күнде аңдып жүрсің бе?
— Жоқ, жоқ! Бізде қаладағы дәріханалардың ақпараттар қоры бар. Сіз соңғы рет дәріханаға 3 ай бұрын барып, небәрі 30 дана дәрі алдыңыз.
— Иә, оның рас. Бірақ қанша дәрі алғанымды қайдан білдің?
— Сіздің несие картаңыздан ...
— Немене?
— Сіз Google Kazakhstan банкінің несие картасы арқылы төлем жасайсыз. Барлық транзакциялар туралы мәлімет біздің қорда жиналады. Соңғы үш айда дәріханадан ешнәрсе сатып алмадыңыз. Бірақ басқа дүкендерден сауда жасағансыз. Демек несие картаңызды жоғалтып алған жоқсыз.
— Мен қолма-қол ақшамен де төлем жасауым мүмкін ғой. Ал оны сен анықтай алмайтын шығарсың?
— Бұл мүмкін емес. Бірақ сіз балаңыздың күтушісіне ғана қолма-қол 75 000 теңге төлейсіз. Себебі оны ресми жұмысқа жалдап отырған жоқсыз. Ал қалған кезде тек несие картасымен төлейсіз. Себебі Google Kazakhstan ұсынған Cash Back жүйесі ең жоғары үстемақыға ие.
— Оңбағандар! Күтушіге қанша төлейтінімді қайдан білесіңдер?
— Ол да Google Kazakhstan клиенті.
— Кетіңдерші ары!
— Дегеніңіз болсын. Бұл ақпараттардың барлығы менің компьютерімнің дисплейінде шығып тұр. Мен тек сізге көмектескім келіп отыр. Сіз дәрігеріңізге жолығып, анализ тапсыруыңыз керек. Жуырда олай етпесеңіз, дәрілердің көлемін арттыруға тура келеді.
— Сен менің ашуымды шығардың! Сен, компьютерің, ақпараттар қоры, интернет, Googlе - барлығың шектен шықтыңдар. ХХІ ғасырда жеке өмір деген қалмады.
— Өтініш, ашуланбаңыз. Агрессия денсаулығыңызға зиян. Қан қысымыңыз өткен жылдың максимум көрсеткішіне жетіп қалды.
— Ақыл үйретпе! Ертең-ақ мұның бәрінен алысқа кетемін. Интернет, компьютер, телефон, байланыс жоқ жерге кетемін.
— Мен сізді түсініп тұрмын. Бірақ ондай мекен Жерде жоқ.
— Сіздердің несие карталарыңызды әуе билетін алу үшін соңғы рет пайдаланамын. Бразилияның Амазонкасына кетемін.
— Дегеніңіз болсын. Билетке тапсырыс берейін бе?
— Жоқ, Қымызды ішкім келмей қалды.
— Жарайды. Тапсырысты өшірдім. Бірақ тағы бір мәселе бар.
— Тағы не болды?
— Шетелге шығатын паспортыңыздың уақыты өтіп кеткенін есіңізге салайын деген едім.