Google ғаламтор трафигінің жоғары болуы үшін су асты кабельдерін орнатумен де айналысады. Дегенмен, Network World жариялаған ақпаратқа орай, енді Google-ға тағы шығындалуға тура келеді. Себебі кабельдерге акулалар да қызығушылық таныта бастапты.
Network World жариялаған ақпаратына орай, қазіргі кезде, Google Тынық мұхиты арқылы өткен кабельдермен жұмыс істеп жатыр. Ендеше, силикондық компанияның кабельдің сыртынан тағы бірнеше қабат етіп изоляциялауға тура келеді.
Мамандардың айтуынша, қарапайым мыс кабеліне қарағанда су астында жатқан кабельдер жоғары қуатпен қамтылады. Нәтижесінде, акулалар кабельден шыққан электромагнитті толқындарды жарақат алған балықтардың дірілі деп ойлайды.
Расында, барлық жүргізілген кабельді қайта орап шығу үлкен шығынға алып келеді. Оларды қайта қаптау да қомақты қаржыны талап ететіні айдан анық. Әңгіме мыңдаған шақырымға созылған кабельдерде болып отыр.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.zeit.de