Интернет алыбы Google компаниясының құпия түрде зерттеу тәжірибелерін өткізетін зертханасы ағымдағы жоба туралы ақпарат берді. Компанияның Google X деп аталатын ғылыми-зерттеу орталығы бұл онкологиялық аурулардың пайда болу белгілерін анықтай алатын ақылды білезік жобасымен айналысуда екен. Аталған смарт өнімнің арқасында адамдар онкомаркердің көмегінсіз және ешқандай қан тапсырмай, денсаулығы туралы мәлімет ала алады.
The Atlantic порталының тілшілері Google корпорациясының Google X Life Science Departament ғылыми зерханасына кіру мүмкіндігін алып, осындай жаңалыққа қол жеткізіп отыр. Айта кетсек, бұл зерхана Калифорния штатындағы Маунтин-Вью қалашығында орналасқан.
Google X зертханасының ашылғанына үш жылдан асқан. Мұнда әр түрлі жобалар бойынша 100-ден астам ғылым докторы мен арнайы маманданған қызметкерлер жұмыс жасайды. Олардың қазіргі басты жобаларының бірі адамның қанындағы қатерлі ісіктің жасушаларын анықтай алатын ақылды білезік болып отыр. Бұл орайда науқас ешқандай қан тапсыру үдерісінен өтуге міндетті емес болады. Адамның ағзасында қатерлі ісіктің жасушалары бар не жоғын анықтау үшін ерікті алдымен құрамында арнайы нанобөлшектері бар таблетка ішеді. Сосын ағзаның қан тамырларына жеткен нанобөлшектер қан құрамынан қатерлі ісіктің белгісін беретін жасушаларды тауып, оған жабысып алады.
Білезік арнайы электронды магниттің көмегімен нанобөлшектерді бір ортаға жинайды. Бұл үдерісті білезіктің оптикалық сенсорлары бақылауда ұстайды екен. Басқа сөзбен айтқанда, адамның қан құрамына арнайы маманданған қызметкерлерді жібереді. Олар ауру қаупі бар жасушалар туралы ақпарат жинап, смарт-білезікке есеп береді.
Google X зерханасында нанобөлшектер туралы ақпаратты жинақтау тәжірибесі үшін гаджетке арнайы жасанды адамның ағзасы жасалған. Сонымен қатар, тәжірибе жұмыстарына 175 ерікті қатысуда екен. Ал The Atlantic интернет басылымының бас редакторы зерттеуден өткен кезде, оның таза ауа мен күннің шуағы мол түсетін жерде көбірек уақыт өткізу керек екендігі ескеріліпті.
Төмендегі видео арқылы Google X зертханасының ішкі құрылымын көре аласыздар. Бұл аталған зертханада көпке арналып түсірілген бірінші видеосы болып табылады.
Әзірге смарт білезіктің шығу мерзімі туралы ақпарат айтылмады. Дегенмен, Google Х зертханасының осы сынды бірталай жобасы бар екендігі белгілі болып отыр. Оған қатысты ақпараттар алдағы уақытта жарияланатын болады.
Сурет: видеодан скриншот
Оқи отырыңыз:
NASA климат өзгерістерін зерттеу үшін жасанды жерсерігін ұшырды
Ескі пленкадағы суреттерді компьютерге көшіріп алудың жолы
Билл Гейтс жасанды сананың дамуына қарсы
Тоқпен жүретін көліктің дамытылған түрі шығарылуы мүмкін