Google Maps арқылы әлемді шаралап, карта арқылы түрлі көріністерге тап болуға болады. Солардың бір жауабы шешілсе, бір жауабы шешілмеген. Біз сіздерге бірқатар таң қаларлық көріністерді ұсынып отырмыз.
Әлемдегі "Кока-кола" компаниясының ең алып логотипі. Чилиде мұздықта орналасқан. 1986 жылы арнайы тапсырыспен салынған. Бұл алып логотипті жасау үшін 70 мың кок-коланың құтысы кеткен.
Пирамидалар тек қана Мысыр жерінде болады деп ойласаңыз қатты қателестіңіз. Антарктида мұздықтары мен қарлы шыңдарының арасында да пирамида бар. Бірақ бұл пирамида туралы толыққанды дерек жоқ.
"Алып табан" аталған бұл белгі Ұлыбритания жерінде орналасқан. Ұзындығы - 115 м.
Гонгоктың қақ ортасында орналасқан бұл яхтаға не дерсіз? Бір көзге капитаны адасып кеткен болар деп ойлайсыз. Бірақ мұндай да қызық бар.
Бұл әлемдегі балаларға арналған ең керемет демалыс орны болар. Испанияда орналасқан бұл алып бейнелі адамның ішінде цирк, балаларға арналған ойнау алаңдары бар.
Кипр жерінде орналасқан бұл алып Түрік туын бірі білсе бірі біле бермейді. Жанында жазылған жазуда: "Өзін түрікпін деп санаған адам қандай бақытты" деп тұр.