GTA-5 ойыны әлемдік рекордты бұза ала ма?

Ойын-сауық өндірушілері жұрт көңілін аудару үшін бәріне дайын: кейіпкерлердің шынайы қимылы, заманауи графика, қызықты миссиялар т.б. Компьютерлік ойындардың ішінде GTA-5 ойыны барлық рекордтың алдын орап жатыр. GTA-5 ойынының құрастыруына 266 млн. доллар қаржы жұмсалған. Ойынның басты кейіпкері алдыңғы нұсқалары сияқты қала тұрғыны болып, адамдардан көліктерін күштеп тартып алады да, қаланың ең сотқар мафияларының тапсырмаларын орындайды. Ойынның ерекшелігі – кейіпкер санының үшеу болуы. Біріншісі – жүргізуші Франклин, екіншісі – банк тонаушы және психотерапевт Тревер.

Ең қымбат ойын номинациясы бойынша GTA-5 237 млн. долларлық «Аватар» фильмінен асып түсіп, 300 млн. долларлық голливудтық «Кариб теңізінің қарақшылары» фильміне жетпей қалды.

Ойынның алдыңғы шығарылымы өндірушілерге көп пайда әкелді. Әлем бойынша 25 миллион дана көшірме жасалған.

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: igrotecka.ru