- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- Dota – стратегиялық...
Dota – стратегиялық ойын
Компьютер ойындарының басы қайдан басталады? Сіздің балалық шағыңыз 90-жылдың аяғымен, жаңа ғасырдың бастапқы жылдарымен тұспа-тұс келсе, демек SEGA дегеннен хабарыңыз бар.
Кейін «Counter-Strike» пен «GTA» түрлері өмірімізге еніп алды да, ойымыз бен санамызды жаулап алып, компьютердің алдына отырғызып қойды. Бірақ соңғы жылдары бұл екеуіне деген қызығушылық азайып, жаңа ойынның дәуірі басталды. Бұл – «Dota» ойындары.
Dota деген не?
Dota – компьютер ойындарының жаңа түрі, соның ішінде шынайы өмірдегі жоспарға негізделген, яғни RTS әдісін қолданатын ойын. Біріншіден Dota – «Warcraft 3»-тың картасы. Ойынның басты мақсаты – кейіпкерлер мен юниттерді қолдана отырып, қарсыластың ойын алаңын жою. Кейіпкерлерді ойыншылар ал, юниттерді компьютер басқарады.
Dota негізінде қолданатын терминдер қандай?
RTS (real-time strategy) – стратегиялық компьютер ойынының жанры. Жүрістер кезегі деген ұғым болмайды. Яғни, еркін жүріс арқылы әрекет жасауға болады.
RPG (Role-Playing Gamе) – рөлге бөліну арқылы ойналатын ойындар. Ойыншы өзіңе ұнайтын кейіпкерді таңдап ала отырып, оның әрекетін өз қалауынша жалғастырады.
ЮНИТ – компьютер ойындарының «Стратегия» және «RPG» жанрларының басқару жүйесін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өлшем бірлік. Бұны «тірі бірлік» деп атайды. Өйткені, юнит арқылы ойын кейіпкері еркін қимылдап, бір орыннан бір орынға ауысып әрі күресе алады.
MOBA – (Multiplayer Online Battle Arena) RTS және RPG элементтері кездесетін жанр түрі. Бұл жанрда екі топ ойыншылары карта алаңында бір-бірімен шайқасады. Әрбір ойыншының бір-бірінен қабілеттері арқылы ерекшеленетін, өзіне сәйкес кейіпкері болады. Ойын барысында олардың қабілеттері арта түсіп, жаңа қасиетке ие бола алады.
Ойынның құрылымы қандай?
– Екі жақ арасындағы шайқас негізінде жүзеге асады. Әр команданың міндеті – қарсы команданың басты ғимаратын жою.
– Қарсыластың базасына бастайтын 3 жол бар. Әр жолда қарсыластың бастапқы юниттері орналасқан мұнаралар бар.
–Ойыншылар басқарып отырған кейіпкерлер, жаңа сатып алынған артефакт арқылы, қарсыластың юниті мен кейіпкерлерінің көзін жою арқылы алынған тәжірбие нәтижесінде күшті бола түседі.
Т. Есқали