- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- DiQ–2017 көрме алаңы...
DiQ–2017 көрме алаңы ашылды
DiQ–2017 көрме алаңы ашылды. Жоба EXPO 2017 көрмесі аясында Астана қаласының әкімдігі мен "Нұр Отан" партиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Жобаның бастамашысы Қазақстандағы Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілер мен өндірушілер қауымдастығы болып табылады. Көрмеге біздің еліміздегі кәсіпкерлерліктің барлық саласының 100 ең үздік жобасы ұсынылады деп күтілуде.
DiQ–2017 көрме алаңының экспонаттары Астана қаласының парктеріне қойылады. 1-10 қыркүйек аралығында көрме жобалары бірігіп ұжымдық экспозиция ретінде ЭКСПО аумағында көрсетіледі.
2017 жылдың 10 қыркүйегінде көрме жабылып, DiQ–2017 байқауының жеңімпаздары анықталады. Олар "Қазақстанның үздік бизнес жобасы" номинациясымен марапатталады.
"DiQ– 2017 – Digital Kazakhstan/Цифрлық Қазақстан» көрмесінің ақпараттық серіктестігі – KazDATA. Аталған жоба Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауы аясында ұйымдастырылып отыр.