- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- «Caps Lock» батырмасын...
«Caps Lock» батырмасын өшіргіңіз келе ме?
Кейде компьютерде мәтінді тез терген кезде «Caps Lock» батырмасы абайсыз басылып кетеді де, хабарламаны жазып бітіргенше мәтіннің барлығы үлкен әріппен жазылып кетеді. Енді «Caps Lock» батырмасын түбегейлі өшіріп қоюға да болады. Бұл пернені мүлдем қолданбайтын болсаңыз, мына әрекеттерді орындауыңызға болады.
Тізілімде жаңа жазба құрып, «Caps Lock»-ті енжар етіп қоямыз. «Пуск» мәзіріндегі іздеу жүйесіне барып, «Regedit» сөзін жазамыз, «regedit.exe» затбелгісі шығады. Реестрде «HKEY_LOCAL_MACHINE | SYSTEM | Current ControlSet | Control | Keyboard Layout» кілтін таңдаймыз. Мұқият болыңыз, соңғы «Keyboard Layouts» папкасын жоғалтып алмаңыз. «Keyboard Layouts» жолында тінтуірдің оң жағын басып, «Создать | Двоичный параметр» операциясын таңдаңыз, оны «Scancode Map» атаңыз. Параметрді
00 00 00 00 00 00 00 00
02 00 00 00 00 00 00 3A
00 00 00 00 етіп өзгертеміз. Жүйе қайта қосылған кезде «Caps Lock» батырмасы толықтай істен шығады.
Ұқсас жазбалар:
"СОЛО пернетақта" бағдарламасын тиімді пайдалану
Үздік «комментші» қандай болуы керек?
@. @assel_assanova