Соңғы кездері саяхатшылар жеке жол жинағын жиі жоғалтып алып жүр. Оған әуе рейстерінің кешіктірілуі немесе өз затына сақ болмауы себеп болып жатады. Ал жоғалтқан жағдайда табылуы қиын.
Bluesmart құрастырушылары осы мәселені шешуді ұйғарыпты. Олар жаңа ұрпаққа арналған қауіпсіз жол сөмкесін жасап шығаруды жоспарлап жатыр.
Смарт шабаданды смартфон арқылы басқаруға болады. Шабадан корпусында орналасқан тетіктер сөмке иесіне тым алыстап кеткені немесе өзінің қай жерде тұрғаны туралы ақпарат береді.
Сондай-ақ, мобильді құрылғы электронды құлыпты басқаратын болады және шабаданның салмағын көрсетіп беле алмақ.
Bluesmart келесі жылдың екінші жартысында сатылымға шығады деп жоспарланып отыр. Оның орташа бағасы 235 АҚШ доллары шамасын құрамақ.
Сурет: indiegogo.com