Америкалық корпорация жақында ағымдағы жылдың соңғы кварталына арналған есебін бергенін мәлімдеген едік. Сол кезде Apple басшысы Тим Кук компанияның рекордтық табысына қол жеткізгенімен қуана бөлісті. Сонымен, купертинолық компания бір жылда 234 миллиард АҚШ доллары көлемінде табысқа жеткен. Бұл көптеген дамушы елдердің ұлттық табысынан жоғары.
Мұқият сараптама жасап көрсек, Apple дамыған елдердің экономикасымен бәсекелесе алатын нарықтық айналымға жеткен сияқты. Бұған көз жеткізу үшін, ресми ақпараттар негізінде АҚШ және Германия сынды дамыған елдер мен дамушы мемлекеттердің экономикалық көрсеткіштерін салыстырып көрдік.
Қытай
Қытай Халық Республикасының Қаржы министрлігі жариялаған ресми ақпаратқа сенсек, Аспан асты елі соңғы жылда 6,923 триллион юань табысқа жеткен. Бұл қазіргі қаржы бағамы бойынша $1,088 триллионға тең. Ал Apple компаниясының табысы Қытайдың ұлттық табысынан небәрі 4,64 есе аз болып отыр.
Германияның Федералды Қаржы министрлігі бюджет көрсеткішін әдеттегідей нақты есеппен жұмсаған. Немістердің биылғы ұлттық табысы 1,272 триллион еуроға жетіпті. Доллар құнымен 1,4 триллионға тең болады. Бұл Apple көрсеткішінен бар болғаны 5,9 есе көп.
Ресей
Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі жылдық бюджетін 15,082 триллион рубль деп көрсетті. Қазіргі доллар курсында бұл 234 миллиард АҚШ долларына тең. Apple корпорациясы да дәл осы көлемде табысқа жеткен.
АҚШ
АҚШ Қаржы министрлігі бюджет есебін берген кезде табыс мөлшері 3,249 триллион АҚШ долларына тең деп көрсетті. Бұл қаржы Apple табысынан 13,8 есеге көп. Дегенмен, елдің табысы әлеуметтік субсидияларды ескергенде шығынды толық жабады. Ал Apple компаниясының акционерлері иемденетін дивидент мөлшері 70%-дан асып отыр.
Украина
Украинаның жылдық табысы 498,032 миллиард гривенге тең. Бұл АҚШ доллары бағамымен $21 миллиард болады. Демек, Apple корпорациясы ағымдағы жылда Украинадан 11,1 есе көп табысқа қол жеткізген.