Apple және Colgate «ақылды» тіс щеткасын шығарды
«Естімеген елде көп» деген сөздің аясы кеңіп, тіпті ақылға сыймайтын жаңалықтардың ашылып жатқаны рас. Соның бір дәлелі болар Apple компаниясы жасанды қабілетке ие тіс щеткасын шығарды. Бұл қазірдің өзінде нарықта сатылымда бар.
Компания Colgate Smart Electronic Toothbrush E1 тіс щеткасын Colgate компаниясымен бірігіп отырып қайта жасап шықты. Бұл ауыз гигиенасын сақтауға негізделген.
«Ақылды» тіс щеткасы iOS Colgate Connect бағдарламасымен жұмыс жасайды. Бағдарлама онда иесі туралы барлық ақпараттарды жібереді. Ең ерекшесінің бірі ауыз қуысының картасын көрсетіп береді. Соның көмегімен тістің қай бөлігі, қай қуысы дұрыс тазаланбай қалғаны туралы ақпарат келеді.
Қос компания негізінен балалардың ауыз қуысы бойынша жұмыс жасаған. Олар балалардың тісін дұрыс тазалауы үшін, өздерінің гигиеналарын сақтау үшін барынша күш салған.
М. Ақан