Apple компаниясының бас директоры Тим Кук колледжде оқитын 10 жасар жиенінің оқуын төлегеннен кейін қалған байлығын садақа қылып таратанын айтты, – деп хабарлайды Bnews.kz.
Қазір Куктың байлығы 120 миллион долларға жуықтаған. Бұдан бөлек, ол жалпы құны 665 миллион долларлық акцияның иегері.
Кук байлығының бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсауға уәде еткен алғашқы миллионер емес. 2010 жылы америкалық миллиардерлер Уоррен Баффет пен Билл Гейтс жаппай садақа беру науқанын бастап, оларға Майкл Блумберг, Джордж Лукас, Юрий Миллер, Дэвид Рокфеллер, Тед Тернер, Владимир Потанин, Ричард Брэнсон және Марк Цукерберг сынды әлемнің ең бай 150 адамы қосылған.
сурет: wallpaperscraft.ru