Cloudflare компаниясы Alexa.com интернет сервисімен бірлесе 2021 жылы әлемде ең көп қаралған сайттар мен әлеуметтік желілердің рейтингін жариялады.
Барлық сайт пен әлеуметтік желіні қоса алған рейтингте TikTok.com көш бастаған. Желі қолданушыларының саны танымал Google.com іздеу жүйесінен асып түскен. Үштікте – Facebook.com әлеуметтік желісі.
TikTok әлеуметтік желісі 2021 жылдың 17 ақпанында ең көп оқырман кірген интернет жүйе ретінде рекорд орнатты. Ал қазан және қараша айларында басты бәсекелесі Google іздеу жүйесін (карта, аударма жүйесі және басқа да сервистерін қоса алғанда) басып оза түсті. Өткен жылы TikTok бар болғаны 7-орында болатын. Көш басында Google еді.
Әлеуметтік желілер рейтингінде де TikTok-қа тең келері табылмаған. Өткен жылы бірінші орында тұрған Facebook-ті ығыстырды. Стримингтік сервистер рейтингінде Netflix.com алда болса, сауда алаңы саласындағы сайттар тізімінде Amazon.com бірінші болып тұр.
2021 жылы ең көп қаралған интернет-ресурстар:
1 TikTok.com
2 Google.com
3 Facebook.com
4 Microsoft.com
5 Apple.com
6 Amazon.com
7 Netflix.com
8 YouTube.com
9 Twitter.com
10 WhatsApp.com
2021 жылы ең көп қаралған сайттар:
1 Google.com
2 Facebook.com
3 Microsoft.com
4 Apple.com
5 Netflix.com
6 Amazon.com
7 TikTok.com
8 YouTube.com
9 Instagram.com
10 Twitter.com
2021 жылы ең көп қолданушы кірген әлеуметтік желілер:
1 TikTok.com
2 Facebook.com
3 YouTube.com
4 Twitter.com
5 Instagram.com
6 Snapchat.com
7 Reddit.com
8 Pinterest.com
9 LinkedIn.com
10 Quora.com
2021 жылы ең көп қаралған видео-платформалар:
1 Netflix.com
2 YouTube.com
3 Roku.com
4 HBOMax.com
5 Hulu.com
6 Peacocktv.com
7 Disneyplus.co
8 ParamountPlus.com
9 Sling.com
10 Iq.com
2021 жылы ең көп қолданылған сауда-саттық сервистер:
1 Amazon.com
2 Taobao.com
3 Ebay.com
4 Walmart.com
5 Jd.com
6 Shopify.com
7 Bestbuy.com
8 Target.com
9 Rakuten.co.jp
10 Homedepot.com