Америкалық инженер әрі миллиардер Элон Маск ұсынған жоғары жылдамдыққа ие жолаушы тасымалдау жүйесін жүзеге асырып жатқан HTT стартап-компаниясы әлемде аналогы жоқ транспорт жүйесінің құрылысын келесі жылдан бастайтынын хабарлады. Әзірге 8 шақырымға созылатын жолаушы тасымалдау бағыты алғашында АҚШ-тың Лос-Анджелес пен Сан-Франциско қалаларын қосатын болады.
Hyperloop Transportation Technologies (HTT) басшылығының хабарлауынша, Hyperloop траснпорттық жүйесі 2018 жылдан бастап қолдануға берілмек. Сол жылдан бастап жалпы жобаның қамтитын өзге де аймақтарында құрылыс жұмыстары басталатын болады. Айта кетсек, алдымен толық Калифорния штаты, сосын АҚШ-тың өзге аймақтарына жүргізілмек.
Транспорттық жүйенің болашақта АҚШ аймағын қамтуы
IBTimes ақпараттық ресурсының хабарлауынша, Hyperloop қоғамдық транспорты сағатына 1200 шақырым жылдамдықпен жолаушы және жүк тасымалдайтын болады. Бұл жобаға АҚШ-тан бөлек Қытай және Біріккен Араб Әмірлігі сынды бірқатар елдер қызығушылық танытуда. HTT компаниясы өкілдері әлемнің дамыған елдері осы сынды жолаушы тасымалдау жүйесіна тапсырыс беретін болса құрастыруға дайын екендерін айтады.
Quay Valley қаласындағы Hyperloop транспортының бағыты
Айта кетсек, 2007 жылы ұсынылған ХХІ ғасырдың жаңа технологиямен салынатын Quay Valley қаласы Hyperloop жобасының алғашқы территориясын қамтитын болды. Жоба аясында Quay Valley қаласы толығымен Күн энергиясымен қамтамасыз етілмек. Болашақтың қаласы идеясын көтерген Quay Valley аймағында 25 000 әртүрлі нысандар бой көтереді.
Сурет: www.ibtimes.com
Оқи отырыңыз:
2025 жылы дыбыстан да жылдам пойыздар іске қосылады
АҚШ-та дыбыстан жылдам жүретін қоғамдық көліктің жобасы жасалды
"Тесла" ұсынған өте жылдам поезд
Tesla Model S P85D электрокары жаңа әлемдік рекорд орнатты