SplashData компаниясы 2018 жылдың ең танымал құпиясөздерінің рейтингін жариялады. Аталған компания бұл рейтингті сегізінші жыл қатарынан түзіп отыр.
Интернет қолданушыларының бұл құпиясөздері танымал ғана емес, сәтсіз әрі бұзып ашуға оңай құпиясөздер болып та саналады. Әйтсе де адамдар есте тез сақталатын құпиясөздерді таңдайтыны жасырын емес.
SplashData мамандары 2018 жылы бұзып ашылған интернет қолданушыларының құпиясөздерін сараптамадан өткізген. Нәтижесінде түзілген рейтинг бойынша, ең танымал әрі сәтсіз құпиясөздер көшін "123456" бастап тұр. Бұл құпиясөз бесінші жыл қатарынан көш басында келеді.
Биыл ең көп қолданылған құпиясөздер қатарына donald, sunshine және princess қосылған.
2018 жылдың ең танымал 25 құпиясөзі:
1. 123456
2. password
3. 123456789
4. 12345678
5. 12345
6. 111111
7. 1234567
8. sunshine
9. qwerty
10. iloveyou
11. princess
12. admin
13. welcome
14. 666666
15. abc123
16. football
17. 123123
18. monkey
19. 654321
20. !@#$%^&*
21. charlie
22. aa123456
23. donald
24. password1
25. qwerty123