- Негізгі бет
- Білесіз бе?
- 2017-нің жыл сөзі...
2017-нің жыл сөзі «blockchain»: ол не?
ХХІ ғасыр сөздігіне тағы бір сөзді түртіп қойыңыз, ол – blockchain (блокчейн). Биткоин криптовалютасымен бірге қоса аталатын терминнің жаппай сөйлеу тілінде қолданылып кеткені мәлім. Соңғы жаңалықтарды ашсаңыз, ақпараттарға көз жүгіртсеңіз, барлық жерде – «блокчейн» туралы.
Блокчейн сөзі қайдан шықты?
Ағылшын тілінің «blockchain» немесе «block chain» деген сөзінен шыққан. Block – блок, chain – тізбек. Белгілі бір блоктар тізбегі.
Блокчейн деген не?
Блокчейн – желідегі ақпараттарды сақтаушы, арнайы тәртіппен жасалған блоктар тізбегі. Соңғы кездері блокчейн түрлі криптовалюталарды транзакциялар жүргізуде қолданылып жүр. Ал криптовалюта дегеніміз ешбір орталықсыз басқарылатын цифрлік есептік көсеткіш. Түсінікті болу үшін оны «электронды валюта» деп қабылдасаңыз болады.
Транзакция – (ағылшын тілінен алғанда «transaction», келісім деген сөз) ХХ ғасырда сөздің бастапқы атауы «трансакция» деп аталса, қазір өзгеріс енді. Бұл дегеніміз, толығымен жасалатын, мәні бар, ең аз минималды түрде логикалық жағынан ойластырылған операция.
«Блокчейн» жүйесін пайдалана отырып өзге де ақпараттарды сақтауға болады. Зерттеуші мамандар бұл жүйе арқылы экономикалық, банк жүйелерінде және одан да басқа салаларда ақпараттарды сақтауға болатынын айтады.
Өзге деректерге сүйенсек, блогчейн – құрал. Ал құралды пайдалы жағынан да зияны тиетін жағынан да қарастыруға тура келеді. Мәселен балтамен ағаш жаруға да болады немесе қандықол адам болып шыға келуге де болады. Блогчейннің де ағаштың екі ұшы секілді тұстары барын айтады.
Зиян жағы деп нені айтып отыр?
Соңғы жеткен мәліметтерге сүйенсек блокчейн арқылы террорлық мақсатта электронды валюта арқылы қару-жарақ, есірткі тіпті адам денесін саудалайтындар қатары көбейген. Олардың ақшан аудару кезіндегі әрекеттері, қайда, қалай бағыт алғандарды анықталмай отыр. Оған мысал: Silk Road жасырын электронды сауда-саттық алаңы себеп болған. Жоғарыда атап көрсеткен заң бұзушылық әрекеттер осы жерде орын алған және ақша биткоин түрінде аударылған. Ал бұл әрекетті тоқтату үшін бірер сағат ішінде мәселенің қайдан шыққанын аңдып, тез әрекетке көшетін АҚШ ұлттық қауіпсіздігі бірнеше күн сарп етіп барып, нәтижесін көрген.
Блокчейн не үшін керек?
Қарапайым банктермен салыстырған кезде блокчейннің негізгі ерекшелігі – арада делдалдарсыз жұмыс жасау.
Қазір кез келген мекеме орындарына барсаңыз, жұмысты делдалдар немесе арнайы ортада үшінші бір адамдар ат салысып атқарып жүреді. Одан қала берді құжатты растайтын нотариус жұмысын да қосыңыз. Ал блокчейннің басқарушы орталығы жоқ. Ол ешқандай басшысыз, орталықсыз жұмысын мәліметтер базасы арқылы жасайды. Ол жерде болып жатқан транзакцияларды жүйге қатысушы барлық адам көре алады. Олар атқарлыған жұмыстардың шынайлығын растап, арнайы блок тізбегін жасайды. Жүйені тікелей қолданушылардың жеке басқа қатысты құжаттары құпия күйінде сақталады.
Блокчейн қалай жұмыс жасайды?
Кез келген адам өз ақпаратын ғаламторға сала алады және оған кез келген адам кіріп оқи алады. Блок тізбектері жердің қай бұрышы болса да блокчейннің қол жетімді құжатымен танысуға мүмкіндік береді. Бірақ сізде міндетті түрде криптографикалық алгоритммен жасалған жабық кілт болуы керек. Онда тек сіз басқаратын блок (жеке бас) болуы тиісті.
Блокчейннің бүгіні және болашағы қандай?
IT саласы дамыған сайын технологияның өсу ықпалы артып келеді. Соның ішінде блокчейн түсінігі де қапыда қалмақ емес. Себебі бүгінгі таңда экономикалық сала негізінде саудасы жүріп тұрған блок тізбектің болашақтағы дамитын салалары да бар:
– Шағын төлемдер;
– Банк жүйесінің жұмыстары;
– Логистика;
– Заң саласы;
– Медицина.
Мұсылман елдеріндегі блокчейн мәселесі ше?
Ислам даму банкі бұл жүйені де қарастырып үлгерген. Олар шариғи блокчейн технологиясын құрастырған. Қазірдің өзінде түрлі келісім-шарт жасалып, жұмыс барысы басталып кетті.
Қорыта келгенде, блокчейн бұл тек қаржы мәселесіндегі оң шешім тапқан жүйе емес, соныме қатар киберқауіпсіздікті де басты назарда ұстап тұрған, соңғы он жылдық ішіндегі ең ерекше алгоритмдік бағдарламалардың бірі.
М. Ақан