SplashData компаниясы 2017 жылдың ең танымал құпиясөздерінің рейтингін жариялады. Аталған компания бұл рейтингті жетінші жыл қатарынан түзіп отыр. Интернет қолданушыларының бұл құпиясөздері танымал ғана емес, сәтсіз әрі бұзып ашуға оңай құпиясөздер болып та саналады. Әйтсе де адамдар есте тез сақталатын құпиясөздерді таңдайтыны жасырын емес. SplashData мамандары 2017 жылы бұзып ашылған 5 миллионға жуық интернет қолданушыларының құпиясөздерін сараптамадан өткізген. Нәтижесінде түзілген рейтинг бойынша, ең танымал әрі сәтсіз құпиясөздер көшін 123456 бастап тұр. Бұл құпиясөз төртінші жыл қатарынан көш басында келеді. Екінші орынғаpassword (құпиясөз) сөзі орналасса, үштікке 12345678 енген. Сондай-ақ осы жылы интернет қолданушылары Жұлдыздар шайқасы киноэпопеясына қатысты құпиясөздерді көп қолданған. - Жұлдыздар шайқасының жаңа эпизодтары мен қаһармандары көрермендер есінде көп сақталғандай. Себебі starwarsсекілді фильмге қатысты құиясөздер көп. Мұндай құпиясөздер қойған интернет қолданушыларының аккаунтын бұзу хакерлерге оңай, - дейді SplashData компаниясының жетекшісі Морган Слейн. 2017 жылдың ең танымал 25 құпиясөзі: 1) 1234562) password3) 123456784) qwerty5) 123456) 1234567897) letmein8) 12345679) football10) iloveyou11) admin12) welcome13) monkey14) login15) abc12316) starwars17) 12312318) dragon19) passw0rd20) master21) hello22) freedom23) whatever24) qazwsx25) trustno1 Айта кетейік, 2016 жылы 123456 құпиясөзін интернет қолданушыларының 17 % пайдаланған.