Ұялы байланыс құрылғылары үшін қаптамалар шығаратын шведтік Krusell компаниясы 2014 жылы ең көп сатылған смарфтондарды атады, деп жазады inform.kz сайты 3dnews агенттігіне сілтеме жасап. Бұл рейтинг әлемнің 70 елінде сатылған ұялы телефондарға арналған аксессуарлардың жалпы санының негізінде құрастырылған.
Сонымен, өткен жылдың ең танымал смартфоны сатылымға тек қыркүйек айында шығарылғанына қарамастан, iPhone 6 болып шықты. Екінші орынды Sony Xperia Z2 моделі алды, бұған оның Бразилиядағы әлем чемпионатының ресми смартфоны ретінде танылуы ықпал етсе керек.
Көшбасшы смартфондар үштігіне Жапонияда өндірілген Sony Xperia Z1 Compact гаджеті де енді. Оның айқын ерекшеліктері көпшіліктің көңілінен шыққан.
2014 жылы ең көп сатылған смартфондар ТОП-10-ына Sony-дің бес моделі (Xperia Z3 Compact - 5-ші орында; Xperia Z3-6 - 6-шы орында; Xperia M1 - 9-шы орында), Apple-дің үш моделі (iPhone 6 Plus - 7-ші орында; iPhone - 8-ші орын), Samsung-тің Galaxy S5 (4-ші орын), Microsoft-тің Lumia 630 моделі (10-шы орында) енген.
сурет: imore.com