Қазақстандық миллионер мектеп құрылысына 300 млрд теңге бөледі

Қазақстандық миллионер мектеп құрылысына 300 млрд теңге бөледі
Фото: informburo.kz

Алматы қаласының әкімі мен «Қазкоммерцбанк» АҚ 2015-2017 жылдарға меморандумға қол қойды.

Меморандум бойынша «Қазкоммерцбанк» Наурызбай ауданындағы мектеп құрылысына 300 млрд теңге бөлетін болды, қалған қаржы қаланың гүлденуіне арналған жобаларға жұмсалады. Билік те Қазком банкіне жеңілдіктер жасайтынын жеткізді.

Банк акционері  Кеңес  Рақышев пен қаланың жаңа басшысы жасаған келісім нәтижелі болады деп үміттенеміз. Алматының бұрынғы әкімі мен қаржылық ұйым арасында 2010 жылы бекітілген меморандум бар болатын. Ол құжаттың мерзімі осы жылдың аяғында бітеді.

Бауыржан Бәйбек кездесуде барлық кәсіпкерді әлеуметпен тығыз қарым-қатынас орнатып, аса жауапты болуға үндеді. Сонымен бірге, Алматыдағы Наурызбай, Алатау, Түрксіб аудандары инвестицияға мұқтаж екенін тілге тиек етті.

Дерек көзі: Total.kz

@. @assel_assanova