Ұлт жоспары 100 нақты қадам жоспарының 78-қадамында Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-лардың академиялық және басқарушылық дебестігін кезең-кезеңімен кеңейтіп, коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау делінген. Аталған жоспар стратегиялық сипатта болғандықтан, кезеңдік даму көрсеткіштері үнемі қадағаланды. Мысалы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық аренадағы трансформациясын талдап көрейік. Британдық QS (Quacquarelli Symonds) рейтінгі ЖОО-лардың барлық салалық, фазалық, академиялық дәрежесіне баға беріп, рецтинг жасайтын белді рейтинг. Аталған рейтинг мынадай факторларға басымдық береді: -академиялық деңгей;-қызметкерлердің публицисткалық белсенділігі; -оқытушылардың студент санына сәйкестігі; -жұмыс берушілер кеңесі; -білім беру бағдарламаларының негізіндегі шетелдік профессорлар мен студенттер саны. ҚазҰУ-дың академиялық біліктілігі мен деңгейі (33.4) балл иеленіпті. Бұл әлемнің белді университеттерінің көрсеткіштерімен шамалас, бірақ айтарлықтай айырма жасамайды. Жұмыс берушілердің кеңесін алып қарасақ, ҚазҰУ-дың индексі (48.9) баллға сәйкес. Бұл Қазақстан ЖОО-лары ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш және ол ҚазҰУ-ды аталған индекс бойынша 173 орынға көтерген. Келесі бір фактор оқытушылардың студент санына сәйкестігі. Бұл көрсеткіш неғұрлым сәйкес болса, соғұрлым жоғары баға қойылады. ҚазҰУ-дың көрсеткіші 1 студентке 99.3 студент. Тағы бір фактор білім беру бағдарламаларының негізіндегі шетелдік профессорлар мен студенттер саны. Қазақстан университеттері жалпы саны 4910 шетелдік студентті қабылдаған екен. Ең көбі осы ҚазҰУ-да екен: 1885. Көрсетілген факторлардың барлығы ескеріліп, рейтинг жаңарып отырады. 2015/2016 оқу жылында ҚазҰУ 800 ЖОО ішінде 275 орынды иеленген еді, ал биыл, яғни 2017/2018 оқу жылында 55 орынға жоғарылап 220 орынға жайғасты. Бұл Қазақстанның белді университетінің халықаралық аренадағы трансформациясы едәуір жетіліп келетінін байқатады.