- Негізгі бет
- Беткеұстар
- Ғарышқа жаяу. Мақсұт...
Ғарышқа жаяу. Мақсұт Жұмаев тағы да Эверестке шығуды жоспарлап отыр
Қазақстандық танымал альпинист Мақсұт Жұмаев екінші рет Жер бетінің ең биік нүктесі – Эверестке шығуды жоспарлап отыр. Экспедиция Астананың 20 жылдығына арналады. Бірінші рет ол Джомолунгманы (Тибет тауындағы ең биік нүкте) 2007 жылы бағындырған еді. Айта кетейік, Жұмаев – әлемдегі ең биік шыңды бағындырған 14 адамның ішінде жалғыз қазақ.
"Эверестке баратын екі бағыт бар – солтүстік және оңтүстік жағы. 2007 жылы мен солтүстік жағынан бардым, бұл жолы оңтүстіктен көтерілетін боламыз. Әлемде шамамен 10 ғана альпинист бар шығар екі жағынан да шыққан. Оңтүстік жағы қиынырақ әрі қауіпті. Басты қауіп – Кхумбу мұздығы – онда алып мұз сеңі көп, олар күніне бір метрге өсіп отырады. Бұл әлемдегі ең жылжымалы әрі ең қауіпті маршрут. Сонымен қатар, бұл маршрутпен сегізмыңдықтың Лхоцзе мұз қабырғасы өтіп жатыр – бұл да өте қауіпті аймақ. Оңтүстікте альпинистер тоқтап, демалатын базалық лагерьлер де аз және бейімделу тым баяу жүреді", - дейді альпинист.
Осыған дейін Жұмаев 2011 жылы әлемдегі ең биік нүкте бойынша екінші орындағы – К2 шыңына шыққан еді. "Осыдан кейін мен спорттық мансабымды аяқтап, уақытымды отбасым мен Армияның орталық спорт клубындағы (ЦСКА) жұмысыма арнадым. Жарты ай бұрын маған Ресейдегі таныстарым хабарласып, Эверестке шығуға көмектесуді сұрады. Эверест шыңында Қазақстан туынан басқа Қазақстан қарулы күштерінің туын тігу жоспарланған, себебі Қорғаныс министрлігі жоспарланған экспедицияға қолдау білдіріп отыр", - дейді альпинист.
"Шыңды бағындырудың тағы бір себебі – Қазақстан астанасының мерейтойы. Биыл Астана қаласына 20 жыл толады. Осы орайда біз әлемнің ең биік нүктесіне еліміздің туын тігуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, биыл екі қазақстандықтың Эверестке шығатынын айтқым келеді. Басқа бір командада біздің отандасымыз Әсет Даниалов болады. Өзімнің негізгі жұмысым халықаралық экспедициядан бөлек, мен әрине оған да көмектесетін боламын.
Эверестті бағындыру – бұл өте қиын іс. Оның шыңына шыққанда эйфория немесе қуанышты сезіне алмайсың, оның орнына қатты шарашғаныңды және моральдық тұрғыдан да қиындықтар болады. Үш жағдайдың екеуінде төмен түсу кезінде альпинистер қаза тауып жатады, себебі бар күш жігерін көтерілуге жұмсайды: альпинист базалық лагерьге түспейінше ол шыңға шыққан болып есептелмейді", - дейді Жұмаев.
Өз кезегінде, Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов Эверестке шығу экспедициясына арналған баспасөз мәслихатында сөз сөйлеп, елге аман-есен оралуын тіледі. "Елордалық әкімдік пен мәдениет және спорт басқармасының атынан Мақсұтқа Астананың 20 жылдығына арнап, Эверестке шығу шешімін қабылдағаны үшін алғыс білдіремін. Бұл қаламыздың абыройына әлемдік деңгейде әсерін беретіні сөзсіз. Сәттілік тілеп, үйіне аман-есен оралуын тілеймін", - деді Болат Мажағұлов.
13 сәуірде экспедиция мүшелері Непал астанасы Катманду қаласына ұшып барады.
Дереккөз: tengrinews.kz
Г. Берік