- Негізгі бет
- Бесқару
- Үндістан жаңа қаруымен...
Үндістан жаңа қаруымен әлемді жалт қаратты
Кеше, 2 наурыз күні, Үндістан Қорғаныс министрлігі хабарлама жариялап, Үндістан дербес зерттеп жасаған дыбыстан жылдам ұшатын тосқауылшы зымыран сынағын сәтті аяқтағанын мәлімдеді. Бұл түрдегі зымыран төмен кеңістікте жаудың баллистикалық зымыранын ұстап алады және жояды. Бұл туралы China News хабарлап отыр.
Үндістан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде, зымыран сынағы 1 наурыз күні таңертең, Үндістан жергілікті уақытымен 10:15 минут өткенде сәтті түрде орындалған. Сынақ жасаған орынды Бенгал шығанағындағы Абдул Калам аралы деп көрсетті. Сынақ мақсаты тосқауылшы зымыран 15 мың да 25 мың метрлік кеңістіктегі зымыранды қағып алып, кеңістікте жойып жіберу болды. Үндістан қорғаныс тарауының айтуынша, жаңадан зерттеліп жасалған зымыран барлық сынақ миссияларын толығымен, жоғары деңгейде орындап шыққан.
Үндістан ақпарат құралдарына сұхбат берген Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды тұлғасы, сағат 10-нан 10 минут өткенде ату бұйрығы берілгенін, шамамен төрт минуттан кейін кеңістіктегі зымыранға жетіп жойғанын айтып берді. Үнді ақпарат құралдары бұл реткі сынақтың Үндістандағы ПРО жүйесін кеңейту жоспарының бір ғана бөлегі екенін хабарлауда. Оның үстіне бұл бір ай ішіндегі екінші реткі тосқауылшы зымыран сынағын жасауы. Алдынғы айда жоғары кеңістікте (50000 метрлік биік кеңістікте) жау зымыранын тосқауылдау және жою сынағы да табысқа жеткен болатын.
Үндістанның соңғы жылдары әскери ауыр техникаларды, ғарыш зерттеу, электроника салаларындағы табысы әлем назарын аударды. Қорғаныс саласын дамытуды нығайтып келе жатқан үнді елі, қазір әскери қуаты жағынан әлемдегі алдынғы ондыққа кіреді.
М. Ақан