Бейбіт күнде қару-жарақтың кімге керегі бар деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ бүгінге дейін әлем соғыспен басталып, соғыспен аяқталып келген. Яғни жеңіс белгілі бір құрбандықты талап еткен. Дегенмен бұл заманда қылыш пен найзаның орны мұражайда. Ал қазір қорғасын, мыс, темір сынды түсі суық заттардың дәуірі. Бүгінгі әскери адамдар пайдаланып жүрген мылтықтардың оғы ең жылдам және қауіпті саналады. Дегенмен қазіргі кездегі ең жылдам әрі қуатты оқтардан бұрын пайда болған, тіпті қарулы-күштер өз арасында қолдануға жүрексінген оқтың тағы бір түрі бар.
"Дум-дум" өлім гүлі туралы естіп пе едіңіз?
«Дум-дум» оғы – арнайы жасалған басымдыққа ие оқтың түрі. Себебі оның құрылымы ерекше. Адамның денесіне тиген кезде диматері ұлғайып, гүл секілді ашылады. Адам денесіне немесе теріге кірге кезде тесіп қана қоймайды, шашыратып жібереді. Аталған оқ дәл қазір әскери орындарда қолдануға тыйым салынған оқ ретінде тіркелген.
Бір мысал келтірейік, қазіргі аңға алып шығып жүрген қарулардың оқтары осыған ұқсайды. Олар әскери заңдылыққа қарама-қайшы. Себебі оқ тиген нысанына зор қауіп төндіріп қана қоймай, өлімге алып келген.
1895 жылы ағылшын әскери құрылымы оқтарының әлсіздігін анықтады. Олардың атылған оқтары жаудың денесін тек жаралап қана қоятын және оны емдеп алуға мүмкіндік туатын болды. Олардың ойында қарсыласы жер жастану керек еді. Бірақ оқтардың әлсіздігі мұратқа жеткізбеді. Сол кездегі орыс "ТТ" тапаншасының өзі нысанына ең ауыр жарақат салатын қару болса да, аздық етті.
ХІХ ғасырдың 90 жылдары ағылшындардың Үндістандағы Дум-дум мекенінде орналасқан қару-жарақ фабрикасы жаңалық әкелді. Сол жердегі капитан Невилл Берти-Клэйем басымдылыққа ие «303 British» оғын ұсынды. 1897-1898 жылдары ағылшын әскері аталған оқты жаппай пайдаланды. Нәтижесінде жаудың тірі қалуы екіталай дүниеге айналды. Тіпті жоқтың қасы.
1899 жылы ғана Гаага конвенциясының және 15 елдің ішінде 11 ел қарсы болуымен «дум-дум» оғы қолданыстан және өндірістен шығарылды.