Тыңшылық заттар таңдандырады

Тыңшылық заттар таңдандырады
Фото: newsbel.by

Әрбір мемлекеттің ішкі тыныштығы үшін арнайы тыңшылық қызметпен айналысатын адамдарды жұмысқа қабылдайды. Олар қарапайым әрі құпия болады. Ондай адамдардың қалтасында, аяқ киімінде көптеген зат жасырылады. Біз сіздерге өткен ғасырдың тыңшыларында қандай заттар болғанын баяндаймыз.

Түйме камера

1970 жылдары бұл камераны Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті ойлап шығарған. "Аякс" деп аталатын түйме камера, пиджактың екі бүйіріне жапсырылған. Бұл камерамен жұмыс жасау үшін, агенттер қалтасында тұрған құпия батырманы пайдаланатын болған.  Бұл камер тек АҚШ, Еуропа елдері және кеңес үкіметінде ғана пайдаланылған.

Тыңшылық аяқ-киім

1960-70 жылдары Румыниялық тыңшылар дыбыс тыңдаушы аяқ-киімді америкалық дипломаттарға қарсы пайдаланған.  Арнайы мамандар бұл қондырғыны аяқ-киімнің өкшесіне жасырған.

Мүштек тапанша

Екінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде Ұлыбритания агенттері темекі шегетін құтыдан тапанша жасаған. Жақын арадан жауын сеспей қатыратын, бұл тапанша кішкентай оқпен атылады. Мұны пайдалану үшін мүштекті ыңғайымен бұрасаңыз болғаны. 

Тыңшылық қолғап

Америкалық агенттер жасаған қарулы қолғап Екінші Дүниежүзілік Соғыс уақытында жасалған. Мұндай затты ұстап жүрген адамға, қолғапты шешпей ақ қарсыласына оқ жаудыруға мүмкіндік жасалған.

Бүгінгі техниканың дамыған заманында біз білмейтін тыңшылық заттардың одан да мықтылары жасалған. Олардың кейбіреуін шетелдің шытырман оқиғалы киноларынан кездестіруге болады. 

B. ZHAQSYMBET