Тарих адамзат баласының өнертапқыштығына толы. Өкінішке орай, осы прогреске жетуде соғыстың рөлі зор екенін де мойындау керек. Қарсыластарын басып озу жолында бірқатар мемлекет барлық ресурстарын ең озық қару түрлерін ойлап табуға жұмсауда. Алайда аталмыш жобалардың барлығы бірдей сәтті шықпаған. Назарларыңызға Ұлы Отан соғысы кезінде ойлап табылған оғаш қарудың бірнеше түрін ұсынамыз.
Бэтбомба
ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ-та ойлап табылған бұл қару Жапонияға қарсы қолдану үшін жасалған болатын. Қарудың әрбір снарядының ішінде өртегіш бензині бар 40 кәдімгі тірі жарқанат орналасқан. Таймер жарқанаттар үйдің төбесінен ыңғайлы орын алғаннан кейін ғана іске қосылатын болған.
Танкіге қарсы ит
Кеңес үкіметінің насихаттамаларында шамамен 300-ге жуық неміс танкісінің иттің көмегімен жойылғаны туралы деректер жарияланған болатын. Иттердің денелеріне мина байлап, оларды жаудың бронетехникасына қарсы жіберетін болған. Мұндай иттерді дайындау бағдарламасы тек 1996 жылы жабылғанын атап өту керек.
Кайтен
Кайтен торпедалары Жапония Императорлық Флотының арнайы тапсырысы бойынша жасалған. Ол немістердің кек алу қаруының аналогы түрінде дайындалған: соғыс соңына жетіп қалғандықтан, қаржысы азайған Жапония жоғары технологиялық қару жасаудан бас тартқан болатын. Торпеданың ішінде оны жау кемесіне қарсы бағыттап отыратын 2 жауынгер отыратын болған.
Ядролық артиллерия
Кәдімгі ядролық қару жекелеген қалаларды жою әлеуетіне ие. Суық соғыс барысында АҚШ-тың Энергетика департаменті соғыс алаңында қолданылуы мүмкін тактикалық ядролық қарудың жаңа жобасын ұсынған болатын. 1950-жж. соңында АҚШ-та «Дэви Крокетт» атты кіші-гірім ядролық оқтұмсықты жібере алатын винтовка түріндегі құрылғы тестілеуден өтті. Бұл қару мақсатқа сай болмай шықты – ол жақтас әскерлерге қауіп төндіруі мүмкін деп танылды.
Су асты ұшақ тасығыштары
ІІ Дүниежүзілік соғыс барысында Жапония Императорлық Флоты Sen Toku I-400 субмариналарын дайындап шығара бастады. Бұл субмариналардың әрбірінің бортында 3 ұшақ орналастыру мүмкіндігі бар болатын. Дегенмен, аталған су асты кемелерінің тек үшеуі ғана шығарылған болатын, себебі бұл жоба Жапония қазынасы үшін тым қымбатқа соққанымен, діттеген мақсатына жетпеген көрінеді.