Сенбейсіз, бірақ өмірде бар 4 қару

Сенбейсіз, бірақ өмірде бар 4 қару
Фото: vilingstore.net

Қару-жарақ туралы түсінік қанша ғасырдан бері бар. Тіпті жыл сайын түрленіп шығады. Алысқа қашықтыққа арналғаны, жақын қашықтыққа арналған түрлері де бар. Күштеріне, сапасы мен ерекшелігіне де қарай бөлінеді. Бейбіт заманда өмір сүргенімізбен қару жасаудан әлемдегі ең мықты елдер жарысып келеді. Ең қызығы тек фильмдерде ғана көретін немесе санаға сыймайтын қару түрлері өмірде барып болып шықты. 


Қалам-тапанша 

Қалам-тапанша жәдігер ретінде сақталған қару түрі. Оны тек фильмдерде, агенттердің қолынан көрмесеңіз, өмірде пайдаланылмайды. Ең бірінші қалам-тапанша 1990 жылы төрт-ақ мың данамен жарық көрді. Қаламның сабын ұстап басу арқылы одан кішкене көлемдегі оқ шығаруға болады.  


Дауылды генератор 

Компьютерлік ойындарда ғана кездесетін дауылды генератор қаруы негізінде шын өмірде бар. Алғашқы рет аталған қару Израиль жерінде қолданылған. Уақыт өте келе оның күшін ескеріп, қолдануға тыйым салған. Аталған қару газбен тікелей жұмыс жасайды. Оқтың ұшу ұзақтығы – 150 метр. 


Қолдан атылатын миномет 

Бұл қару да өмірде бар. Қолға ыңғайлы, тапанша тәрізді қарудың оғы жайында айтудың қажеті де жоқ болар. Кәдімгі бомба тәрізді көлемдегі оқ. Бұл қаруды қолдануға тыйым салынған. Алдымен қарудың пілтесін тұтандыру керек, одан кейін барып батырмасын басасыз. Аталған қаруды кейінгі ХХІ ғасырдың жетістігі дейді. Өкінішке орай қолдан атылатын минометті 16 ғасырда пайдаланылған.


Сандық револьвер (Armatix) 

Бұл қару ғылымдағы фантастикалық жанрға келеді. Себебі сағатыңызбен бірге қосалқы жұмыс жасайтын сандық револьвер сан тілімен жұмыс жасайды. Қолыңыздағы сағатты өшіріп, қосу арқылы аталған қаруды басқара аласыз. Қызығы сандық револьверді ұрлап әкеткен жағдайда, оны ешкім пайдалана алмайды. 

М. Ақан