- Негізгі бет
- Бесқару
- Ресей Украинадағы "әскери...
Ресей Украинадағы "әскери операцияға" қандай қарулар қолданып жатыр?
24 ақпан күні РФ президенті В.Путин көршілес ел – Украинаға қарсы "арнайы әскери операция" бастаған еді. Содан бері бір айдан астам уақыт өтті. "Әскери операция" жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында да, әлеуметтік желіде де мәлімет көп. Кадрлар жетерлік.
Оның үстіне РФ Қорғаныс министрлігі де ресми ақпарат таратып жатыр. Сол кадрларды қарай отырып, ресей әскерінің соғысқа қандай қару-жарақ қолданып жатқанын білуге болады.
Ендеше Lenta.ru жинаған мәліметтерді назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
"Калибр" атты қанатты зымыран
Ресейдің Қарулы күштері Украинаның әскери нысандарын құрту үшін "Калибр" атты алысқа ұшатын қанатты зымырандарын қолданып жатыр. Мәселен, 23 наурыз күн РФ Қорғаныс министрлігі жариялаған мына бір кадрдан теңіз флотынан аталмыш қанатты зымыранның 8 данасы ұшырылғанын байқаймыз.
Зымыран теңіз флотынынан жіберілсе, 1400 шақырымға дейін жетеді екен. 480 тоннаға дейінгі бетон құрылыстарды жарып жіберуге қуатты.
"Искандер" зымыран кешені
Мұны да маңызды әскери нысандарды бомбалау үшін қолданады. Одан бөлек, жедел тактикалық қару болғандықтан, қарсыластың әуе қорғанысын бұзуға, ұшқан тікұшақ пен ұшақтарды "қағып түсіруге", ұшып бара жатқан зымырандарды құртуға пайдаланылады.
"Искандердің" зымырандары 50-500 шақырымдық нысандарды атып түсіреді. Бұл қару да "Калибр" сияқты 480 тоннаға дейінгі бетон құрылыстарды жарып жіберуге қуатты.
"Қанжар" гипердыбысты зымыран кешені
Бұл қару – Ресейдің заманауи қаруларының бірі. Мұны 20 наурыз күні Украинаның қорғаныс нысанасын жою үшін алғаш рет қолданды.
Зымыранның жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан екі есе көп. Шамамен, 700 м/с жылдамдықпен ұшады. 2000 шақырымға дейінгі нысанды атып түсіреді.
Су-35 мен Су-34 ұшақтары
Бұл екі ұшақ – қырып-жойғыш ұшақтарға жатады. 4-ші буын мен 5-ші буын Су-ұшақтарының ортасындағы ұшақ түрі. Су-27-дің біршама жетілген, жаңа қозғалтқыш қойылған, тарту күшінің векторына бейімделген қанаты күшейтілген түрі.
Ка-52 тікұшағы
Барлауға және соққы жасауға арналған тікұшақ. Ресей бұл тікұшақтарды десант әскерді жау тылына апару мен брондалған техникаларды бомбалау үшін қолданып жатыр.
Бұл ұшақтар ресей әскерінің авиациясына 2011 жылы берілген. Заманауи борттық радиоэлектронды құрал-жабдықтар қойылған. Калибрі 30 миллиметрлі автомат пушкалар орнатылған. Борт кешені зымыраннан қорғауға көмектеседі.
Сондай-ақ, Ка-52 тікұшағы бомба мен зенит зымырандарын, танкіге қарсы қаруларды тасымалдай алады.
Ми-28НМ соққы жасау тікұшағы
СВО жүйесіне жататын авиациялық заманауи тікұшақ. Салмағы 2300 келі. Автомат пушкасы мен зымыраны бар. Алғаш рет 2016 жылы көкке көтерілген.
Өзұшар аппараттарды (беспилотник) қағып түсіруге не ұстап алуға да қолданылады. Н025 радиолокациялық станция орнатылған.
"Форпост" ұшу аппараты
Ресей қарулы күштері жердегі әскери нысандарды құрту үшін ұшу аппараттарын (беспилотник) де қолданып жатыр. "Форпост" ұшу аппаратын бұл соғыста алғаш рет 20 наурыз күні қолданды.
Ұшу аппаратының өзі 2021 жылы құрастырып, армия санатына берілген. Зымыран жіберуге арналған екі контейнері, спутникпен байланысқан антеннасы, бақылау жүйесі мен нысананы көздеу функциясы бар.
100 келіге дейінгі жүкті көтере алады.
"Бук-М3" зенит ракетасы
СВО жүйесін қорғауға арналған зымыран кешені. 2016 жылы армия қатарына қосылған. Осы зымыранмен 20 наурыз күні Украинаның Су-25 шабуылдау тіұшағының екеуін атып түсірді.
5-35 шақырым биіктегі ұшақтары атып түсіре алады.
Т-80БВМ
Т-80 танкісінің модернизациядан өткен, турбина қозғалтқыш қойылған түрі. Құрыш бұзар снарядтар орнатылған. Динамикалық қорғаныс жүйесі қойылған. Бақылау құралдары мен көздеу құралдары жаңартылған.
Т-72Б3М
Ресей қолданып жатқан тағы бір танкінің түрі – Т-72. Негізінен екі модернизациясын Т-72Б3 мен Т-72Б3М қолданып жатыр.
2017 жылы құрастырылған. Қозғалтқышының қуаты 1130 аттың күшіне тең. Қосымша қорғаныс құралдарымен жабдықталған.
ТОС-1А ауыр от ату жүйесі
Жау әскерінің брондалған техникасы мен жасырынған жерін, ғимараттарды атқылау үшін жасалған әскери техника.
Мұны Ресей 15 наурыз күні қолданды.
БМД-4М
Ресейдің десант жауынгерлері айдап жүрген әскери машина. 2016 жылы шығарылған. Киев түбіндегі шайқаста көп қолданылды. 100 миллиметрлі іске қосу пушкасы мен 30 миллиметрлі автомат пушкасы, пулемет қойылған.
Танкіге қарсы ату қаруы да бар.
Тайфун-К
Барлау мен жаяу әскерді тасуға арналған көлік. КамАЗ-63968 моделінің армияға бейімделіп жасалған түрі. Украинаның Сум облысындағы шайқастарда жүр.
Тайфунның қорғанысы 8 тонналық жарылғыш затты көтере алады.
Қ. Слямбек