- Негізгі бет
- Бесқару
- Нағыз ерлерге тән...
Нағыз ерлерге тән пышақ түрлері
«Өтпес пышақ қол кесер» деген сөз бар. Бірақ әр азаматтың үйіндегі пышағы қайраулы, қайрағы сайлаулы болғаны жөн. Әлемде ерлерге арналған түрлі пышақ бар. Олар арнайы тапсырыспен немесе жалпы тұрмысқа ыңғайлы етіп жасалады. Сонымен нағыз ерлерге тән пышақ түрлері қандай?
Саятшылыққа арналған пышақ
Бір не екі жүзі бар түрі де кездеседі. Бұл – ерекше пышақ. Саятшылық кезінде қолданылатын қанжардың жүзі әрдайым қайраулы болады.
Штык-пышақ
Бұл пышақтар соғыс кезінде арнайы мылтық басына ыңғайланып жасалған. Яғни оқ таусылған кезде қолыңыздағы қару жарамсыз болып қалмауы үшін осы пышақты қоса алып жүресіз. Бұл қанжар қазіргі күнде де қолданылады. Қару түрі – винтовка. Қол төбелесі кезінде де қолданылады.
Көбелек-пышақ
Бір жүзді, өткір, жасалу үлгісі көбелек тәрізді бұл пышақтың нағыз суық қару екенін бірден тануға болады. Себебі көбелек-пышақты көше заңымен жүретін бұзақылар немесе сол типтегі «гангстерлер» қалтасынан тастамайды.
Лақтыруға икемді пышақ
Кез келген пышақтың жүзін ұстап сабына қарай лақтырсаңыз көп жағдайда көздеген жерге тура жетуі мүмкін. Бірақ бұл сенімді тәсіл емес. Ал арнайы лақтыруға ыңғайланып жасалған бұл пышақтың салмағы орта нысанаға негізделген. Оның салмақ үлесі жүзінің бойына тең дәрежеде құйылып жасалған. Қай жағынан лақтырсаңыз да оның нысанаға тию дәлдігі сенімді.
Стилет пышағы
Стилет пышағы «қанжар» деуге де болатын, үш немесе төрт жүзді суық қару түрі. Он алтыншы ғасырда Италияда жасалған. Жасаушылардың үлгісі бойынша қанжар жауды қай жағынан келсе де түйреп тастауға ыңғайластырылған. Тек соғыс қаруы емес, жауынгерлер оның жүзіне ет тізіп, отқа қақтап жеген.
Үнділік Джонстың пышағы
Бұл суық қарудың жалпы ұзындығы – 61 см, жүзінің ұзындығы – 45 см. Жүзіне қол тигізуге болмайды. Оның өткірлігі сондай саусағыңыз тиіп кетсе болды, қанап кетуі ғажап емес. Бұл пышақты үй бұйымы ретінде де пайдалануға болады.
Қазақы бәкі
Пышақтар ішінде қазақы бәкінің де орны бөлек. Бәкімен кез келген ас үйдің тағамын кесуге болмайды. Ең негізгі жұмысы соғым басында орындалады. Бәкі де тек ердің жанында не үйдің биік жерінде тұруы керек.
М. Ақан