Мосина-Нагано винтовкасы жүз жыл ішінде мүлт кетпей, алғашқы түпнұсқасын толықтай сақтаған қару. Бір сөзбен айтқанда ең керемет қарулардың бірі. Екінші Дүниежүзілік Соғыс кезінде Кеңес әскеріне жеңіс әкелген қарулар қатарында. Бүгінгі таңда әртүрлі жаңа қарулар шыққанымен, әскери қарудың жілігін шаққан мамандары Мосина-Наганоға берер жоғары бағасын түсірмей келеді.
Винтовка XIX ғасырдың аяғында бельгиялық Сергей Иванович Мосин мен Леон Наганның арқасында Ресей мемлекетінде құрастырылған. Негізінен "Бердан 2" винтовкасын алмастыратын мықты қару ойлап табу мақсатында шығарылған. Бірінші Дүниежүзілік Соғыс және Екінші Дүниежүзілік Соғыста пайдаланылған қару қашан да мықытылығын дәлелдеген. Қарудың түпнұсқасына 30-шы жылдары 2 см көздегіш орнатылған. Содан бері талай жыл өтсе де, винтовка ескі нұсқасында шығарылған.
Қарудың мықтылығына тәнті болған әлемнің біршама елдері арнайы тексерістен өткізген. Керемет дәлдікпен жауынгерге ыңғайлылық сыйлаған қару талайды таңғалдырған. Көздеп атқаннан мүлт кетпейтін қаруға ұқсатып Фин елі де винтовка жасаған. Алайда, қару сенімсіз болғаны кесірінен құнын жоғалтып елді біраз шығынға батырды.