Жыл басында Нюрнбергте (Германия) өткен "IWA Outdoor Classics 2015" қару-жарақ көрмесінде италиялық Arsenal Firearms компаниясы екі оқты қатар ататын (өзі оқталатын) AF2011 Dueller атты қос ұңғылы тапаншаны таныстырды. Бұл қару әлемге жаңалық болып келді және ол – сериялы түрде өндірілген AF2011-A1 қос ұңғылы тапаншасының дамытылған түрі еді.
Жуырда Arsenal Firearms компаниясы Джеймс Бондтың "Спектр" (түпнұсқасы: "Spectre", орысшасы: "Спектр") атты киносының түсіріліміне дәл осы қарудың бес түрі жолдағанын хабарлады. Бұл туралы сәл кейінірек айтатын боламыз, ал, әмбебап әзірге қарумен таныс болыңыздар.
AF2011 Dueller қаруының калибрі - 45. Ал оқ қорабына келетін болсақ, әр қайсысына сегіз оқтан салынатын екі оқ қорабы бар. Өзі оқталатын бұл қарудың қос ұңғысы тот баспайтын болаттан (SUS416) құйылған. Ал ұзындығы - 6,5 дюйм (16,51 см). Қарудың жоғары бейінді қарауылы, автоматты қол тежегіші, шүріппесі – бәрі-бәрі арнайы тапсырыспен жасалған.
Иә, жақында ғана Arsenal Firearms компаниясы Джеймс Бондтың "Спектр" атты киносының түсіріліміне дәл осы қарудың бес түрін жолдағанын хабарлады. Режиссер Сэм Мендестің (Sam Mendes) Римде экрандап жатқан бұл киносы "Тыңшы 007" (түпнұсқасы: "Аgent 007", орысшасы: "Агент 007") фильмінің жиырма төртіншісі екен.
Бұл кинодағы жаңа қос ұңғылы тапаншаның иесі тек кино емес, WWE күрес әлеміне де танымал Дэйв Батиста (Dave Bautista). Естеріңізде болса, ол өткен жылы Marvel студиясымен келісімшартқа отырып, "Галактика сақшыларында" ойнаған болатын. Ал Тыңшы 007-нің жаңа киносында Дэйв Батиста Джеймс Бондтың ата жауы, құпия "СПЕКТР" орталығының мүшесі әрі кәсіби кісі өлтірушінің рөлін сомдайды.
Оқи отырыңыз:
1. Екі оқты қатар ататын қос ұңғылы винтовка
2. Аты аңызға айналған Драгунов мергендік винтовкасы
3. Әлемдегі ең мықты һәм танымал 10 қару
4. Әлемдегі ең үлкен револьвер
Сурет: d19xq9reus1hjz.cloudfront.net, all4shooters.com