- Негізгі бет
- Бесқару
- Көрінбейтін плащтар шықты...
Көрінбейтін плащтар шықты
Фото:
mixsuff
Бүгінгі таңда көрінбейтін плащтар ғылыми жетістіктердің арқасында шындыққа айналды. Көрінбейтін плащ арнайы ерекше материалдан жасалады. Оның технологиясы «Quantum Stealth», яғни «Жарықтық бүгілу» деп аталады. Ғалымдар белгілі бір себептерге байланысты материалдың жасалу жолын ашып айтпай отыр.
Канадалық ғалымдар, әзірше, осы технологиямен апельсин пішіндес заттарды ғана түгелімен көрінбейтін ете алатындарын айтты. Алайда, олардың пайымдауынша, мұндай материал көлемі жағынан әлдеқайда үлкен заттарды да жасыра ала береді екен. Қазіргі таңда материал жауып тұрған заттың 5 пайызын көрсетеді. Және де ол ешқандай қосалқы заттардың көмегінсіз-ақ жасырады.