Кольт-Уолкер револьвері

Кольт-Уолкер револьвері
Фото: xaxa-net.ru

Аврам Линкольн адамдарға еркіндік сыйласа, Сэмюэл Кольт адамдарды тең құқылы қылды. Қандай мемлекет туралы сөз қозғайтынымызды бағамдап отырған боларсыз. Американың он алтыншы президенті мемлекет ішіндегі құлдыққа тосқауыл қойып, адамдар барлығы бірдей болуы үшін жұмыстанды. Сол кезде қара жұмысшыларға билігін жүргізетін байлардың наразы болғаны жасырын емес.  Еркіндікке жеткен жұмысшылар қайтадан бұлыңғыр өмірден бас тарту үшін қарсыласуға мәжбүр болды. Сол уақытта Сэмюэл Кольттың ойлап шығарған револьвер тапаншасы зор сұранысқа ие болды.

Негізінен тапанша тарихта қалуына Техас өңірінің тұрғындары көп еңбек сіңірді. Штат болып құрылмаған өңірде нағыз жүректілер ғана өмір сүрен. Барлық ер азаматтар мен қару асынған сұлулар өздерінің ешкімге бағынбайтындарын дәлелдеу мақсатында тапаншаны жанынан бір елі тастамайтын болған. Револьвермен қалай ату керектігін үндістер мен техас тұрғындары туралы түсірілген фильмдерден көруге болады.

Кольт револьверінің патенті Паттерсон қаласында тіркелген. Өйткені қару-жарақ шығаратын зауыт сол маңайда орналасқан. Су астындағы миналарды ойлап шығаратын Кольттің алғашқы өнімі бірден жемісті болды деп айту қиын. Пайда болғаннан кейін жаңа шыққан тапанша көптің құлағына жетіп, кереметтілігі сипатталмағасын сұраныс көп бола қоймаған. Техас тұрғындары пайдалану тәсілін меңгергеннен кейін, сұранысқа еніп, жаңа қалыппен қайта шыға бастады.

Алғаш шыққан револьвер қарсыласын бірден жан тәсілім ететін күші болмаған. Кейін Уолкер есімді досымен бірігіп адам айтқысыз нәрсе шығарды. Кольт-Уолкер аталатын револьвер нағыз техастық рейнджерлерге арналды. Кейіннен көптеген елдер тапаншаның көшірмесін жасап өз елдерінде пайдаланған.

Кольт-Уолкер револьвері алтын іздеушілер мен қарақшылар үшін ең қажетті қаруға айнала бастады. Әрбір теріс жолда жүрген жан қайткен күнде де қолына түсіру үшін түрлі әрекеттерге барған. 1847 жылдан бастап "Кольт-Уолкер револьвері" деген атқа ие болған қару бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Техас өңірі тыныш болғанымен, кәдесый ретінде алып жатқандар табылады.

B. ZHAQSYMBET