Қазақстан көгін қалқалаған қарулар

Қазақстан көгін қалқалаған қарулар
Фото: uCoz.com

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде қарулану бәсекесі басталғаны мәлім. Сол заманнан бастау алған бәйге қазірге дейін дамыл тапқан жоқ. Тиген жерін жылан жалағандай тазалап тастайтын ядролық қарудың сынағы тоқтатылды демесеңіз, қаруланудың басқа салалары тоқырауға түсіп көрген емес.

Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан да әлемнің бір бөлшегі ретінде бұл үрдістен шет қала алмайды. Орналасқан аумағына байланысты да Қазақстан қаруының қуатты болуы қажеттіліктен туындайды. Әсіресе, әуе қорғанысы алдыңғы сапта жүруі шарт. Себебі, әуе қауіпсіз болмаса, жердегі тыраштану бос әурешілік болып шығады. Ендеше, Қазақстанның көгін қандай қарулар қарауылдап тұр? Бірге зерделеп көрейік.

С-125 шағын радиусты зенитті-зымырандық кешені. Алғаш 1961 жылы КСРО қарулы күштері қолданысқа енгізген. Биіктігі 20-1800 метрдегі аэродинамикалық, пилотты және пилотсыз ұшу құралдарын жоюға арналған. Зымыранның ұшу қашықтығы 2,5-3,5 шақырым.

С-200 зенитті зымырандық кешені. Алыс қашықтыққа ұшатын зымырандармен жарақталған кеңестік қару. Кең көлемді алаңдарды бомбардирлер мен басқа да ұшу құралдарынан қорғауға негізделген. Қару 1964 жылы құрастырылып, 1967 жылы қолданысқа енгізілген.

С-300ПС зенитті-зымырандық кешені. ҚР Қарулы Күштерінің қолданысында 2013 жылдан бері бар. Құрылым 300 шақырым қашықтықтағы кез келген ұшу нысанасын жоя алады. Негізгі өндірушісі – Ресей Федерациясы. Жүйе 1985 жылы қолға алынып, 1993 жылы Ресей қарулы күштерінің сапында қолдыныла бастаған. Өз буынында бұл қару әлемдегі үздіктердің қатарында. Қазіргі ҚР Қарулы Күштерінің сапында бұл қарудың бірнеше данасы бар. Аты шулы С зымырандық кешендерінің 5 буынына дөп келетін бұл жүйенің болуы, кез келген армияның айбынын асыра алады. Дегенмен, өзінен кейінгі С-400 және америкалық Patriot-тің жаңа буындарымен салыстырғанда біршама ескіріп қалғанын мойындауымыз керек.

Найза. Қару 2007 жылы израйльдік Israel Military Industries компаниясының атсалысуымен құрастырылған. Айта кетерлігі, бұл қару Қазақстанның меншікті жарағы. Өндіріс 2008 жылы Петропавл ауыр көлік құрастыру зауытында жолға қойылған. Жүйе 122 мм реактивті "Град", 220 мм реакивті "Ураган" снарядтарымен соғыс жүргізе алады.

Дайындаған: Мұхаметжан Дінмұхамед

Massaget