Алдағы жылдары Қазақстан әскері қару-жарағының 70 пайызы жаңарады. Бұл туралы ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында өткен мерекелік концерті алдында сөйлеген сөзінде мәлім етті.
«Мемлекет елдің қорғаныс қабілеті жоғары деңгейде болуы үшін барлық қажетті шараларды атқарып жатыр. Қиындықтар мен дағдарыс жағдайына қарамастан, қорғаныс шығындары басымдықты тәртіпте қаржыландырылып жатыр. Жауынгерлік кезекшілікке қайта жарақтандырудың бағдарламасына толық сәйкестікпен жаңа әскери техникалардың түрлері қосылды. Таяу жылдары қарудың, техниканың барлық түрі кем дегенде 70 пайызы жаңарады, ал бөлек санаттар бойынша жаңару 100 пайызға дейін жетеді»,- деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, Президент жыл сайын салада 100-ден астам жедел тексерістер, әскери оқу-жаттығулар өтетінін жеткізді.
Н.Назарбаевтың сөзіне қарағанда, әскери кешенді ұйымдастыру аясында ғылыми қамтымды өндірістерді дамыту бойынша бірқатар міндеттерді шешу қажет.
«Қазақстан шет елдермен әскери-техникалық ынтымақтастықты белсенді дамытып жатыр. ҰҚШҰ, ШЫҰ аясындағы бірлескен оқу-жаттығуларда, НАТО елдерімен серіктестік бағдарламасы бойынша өзара іс-қимылда еліміздің Қарулы Күштерінің жауынгерлік шеберлігі шыңдалды»,- деді Елбасы.
Дереккөз: inform.kz