1. Калашников автоматын ойлап тапқаны үшін 1947 жылы Михаил Калашников I дәрежелі Сталин сыйлығымен және "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталды. Сыйлық 150 мың рубльді құрады. Бұл ақшаға сол кезде шамамен 10 көлік сатып алуға болатын.
2. 1947 жылы арнайы комиссия автоматты қабылдап, оған АК-47 («Автомат Калашникова-47») деген ресми ат береді. Бірақ қалың көпшіліктің арасында "Калаш" деп аталып кетті.
3. Кеңес Одағы кезінде Калашников автоматын шашып жинауға алғашқы әскери дайындықта алған білім жеткілікті болған.
4. Қарапайым үлгіде жасалғандықтан автомат өте қымбат емес. Тіпті кейбір мемлекеттерде тауықтан да арзан тұрады екен.
5. Foreign Policy журналының бағалауынша Калаш автоматы Үндістанда 4 мың доллар, ал АҚШ-та 70-350 долларды құрайды.
6. Калашников автоматы әлемдегі ең көп таралған автомат ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Қазіргі таңда дүние жүзінде 100 миллионға жуық Калашников автоматы бар.
7. Африканың кейбір елдерінде жаңа туылған сәбиге Калаш деп ат қояды екен. Калашников автоматының құрметіне.
8. Калашников автоматын шығаратын Ижевск қаласының тумасы, Ресей боскетболисті Андрей Киреленко АК-47 деген атқа ие болды. "Юту Джаз" құрамасында 47 нөмірде өнер көрсеткені үшін.
9. Египетте, Синай аралдарының жағалауында арнайы Калашников автоматына ескерткіш орнатылған. Ал Иракта АК -47 автоматының үлгісінде салынған дүкендер бар.
10. 2008 жылы Ресей Федерациясының банктері Калашников автоматының суреті бейнеленген тиындар шығарды.
Сурет: army-news.ru, nnm.me