- Негізгі бет
- Бесқару
- Жапон «катанасы» туралы...
Жапон «катанасы» туралы не білесіз?
Катана – бұл жапон қылышы. Көлемі де ұзын болып келетін қылыштың «катана» деп аталу төркіні «бір жақты жүзі бар қисық қылыш» деген мағынаны білдіреді.
Қылыштың ұзындығы – 2-2,5 сяку. Яғни 60,6-75,7 см. Ал жалпы ұзындығы 85-105 см. Егер аталған ұзындықтан қысқа болса бұл «катана» деп аталмайды. Оны «вакидзаси» деп атайды. Ал керісінше ұзын болып кетсе «окатана» деп атаған. Салмағы – 750-1000 г.
Катана тарихы
Жапон катанасы 15 ғасырда пайда болып, 19 ғасырға дейін пайдаланылған. Катана самурайлардың дәстүрлі қаруы. Қару-жарақ сыншылары катана ежелгі қытайдың «мяо дао» қылышына ұқсайды дейді. Тіпті катананың да жалған және шынайы түрі болады. Жалған катананы қылыштың жүзіне қарап бірден білуге болады.
Катананы кез келген адам пайдалана алмайды. Оның ерекшелігі де осында болып тұр. Катананы белдің сол жағына орналасқан қынға салған. Сонымен қатар жүзін ішке емес сыртқа қаратып салады. Яғни қылыштың жүзі қолдың сыртынан байқалады. Дәл сол секілді катананы сол қолмен суырып, сол қолмен пайдаланған.
Катананы дайындау бірнеше айға созылады. Оны жасау түрлі кезеңдерден өтеді. Мыстағы көмірқышқылы мен топырақ арқылы оның жүзі жасалады. Бұл оның жеңіл әрі өткір болуына септігін тигізеді.
Жапон ұсталары туралы әлем кітаптарында көп жазылады. Себебі олардың абыройы асқақ. Атап айтқанда тарихтан белгілі Масамунэ, Мурамаса есімдері осы қатарға жатады. Олардың жасаған қылыштары аңыз бойынша ерекше күше ие болған. Олардың дайындаған катаналары самурайдың жаны болып есептелген. Бұл сөзіміздің жаны бер десек, сол кезде катананы «самурай жаны» деп те атаған.
Қылыштың өткірлігі сондай сілтеген кезде алдында тұрған затты екіге қақ айыратын болған. Тіпті оның өткірлігі жайында жапон ертегілері мен аңыздары көп жазған. Кейінгі түсіріліп жүрген фильмдерге қарасаңыздар да катананың ерекшелігін ашып көрсетуге тырысқанын байқайсыз.
М. Ақан