ХХ ғасырдағы ең мықты тапаншалардың бірі - Макаров тапаншасы. Макаров тапаншасын (МТ) тапаншалардың «Калашнигі» деп те атайды. Оны 1948 жылы Николай Макаров құрастырған. Өзінің қолдану ыңғайлылығы, құрылысының қарапайымдылығымен өндірісте жартығасырдан астам уақыт өмір сүрді. Кеңес Одағының өзінде ғана бұл тапаншаның 2 миллион данасы шығарылған екен. Бұл -алтыатар техникасының барлық қыр-сырын бойына жинаған әмбебап тапанша. Кеңес әскерлерін қаруландыруда өз орнын бермеген. 60-жылдан астам уақытта әлемдік қару-жарақ нарығынан түспеген тапаншаның үлгісі өз кезінде өте сәтті шыққан. Советтік офицерге де, құқық қорғаушы қызметкерге де, арнайы шағын бөлімшелерге де ыңғайлы етіп жасалған. Тек 1990-жылдардың ортасында ғана Макаров тапаншасының орнына Ярыгин тапаншасы келді.
Шығу тарихы. Кеңес Одағында 1945 жылы 7,62 калибрлі ТТ (Токарев тапаншасы) тапаншасының орын алмастыратын алтыатарлардың байқауы өткен. Байқау шарттары бойынша жаңа тапанша ТТ алтыатарынан асып түсуі қажет және 9 - 7,65 мм калибрлі болуы керек екен. Николай Федорович Макаров ойлап тапқан тапанша осы байқаудың жеңімпазы атанады. 1947 жылы тек сұлбасы жасалып, 1948 жылы жаңа тапаншаның толық нұсқасы дайын болды. 1949 жылы Ижевск қаласында шығаруды бастады. Осы жерде 50 жылдан астам уақыт өндірілді. Кеңес әскерін қаруландыру, ІІМ мен мемлекеттік қауіпсіздік органдары үшін 9 мм калибрлі Макаров тапаншасы 1951 жылы берілді. 1952 жылы Ижевск механикалық зауытында тапаншаның толық әрі жаппай өндіру қарқынды өріс алды. Тапанша сызбасы немістің Walther PP (Walther Polizei Pistole) тапаншасының сызбасына ұқсайды. Ол тапаншаның бекітуші тетігінің еркін тебілу қасиетімен ерекшеленетін. Оқ қуатының шектеулілігі қатты тебіліс заңынан қорғады. Тапаншаның қорғағышын (предохранитель) ашып, шүріппесін қайырып, ату үшін ашық шүріппе жасалған. Бұл бір қолмен атуға көмектеседі. Алтыатар небары 25 бөлшектен тұрады, қарапайым қызмет көрсету және өңдеу тапаншаға деген сенімділікті арттырды.
Жасалу барысы. Макаров тапаншасын жасау кезінде күні-түні демалыссыз таңғы сегізден түнгі 2-3-ке дейін отырған. Кейіннен бұл тапаншаны «орыс Вальтері» деп атаған екен. Мамандар, қысқа қашықтыққа атуға бұл тапаншадан асатын алтыатар жоқ екенін дәлелдеген. Макаров тапаншасының автоматты жүйесі, қысқалығы, өзге тапаншалардан әлдеқайда жоғары. Жаппай өндіру кезінде Ресейде Макаров тапаншасының әр түрі пайда болды: әскери, спорттық, қызметтік, азаматтық және де газды тапанша. Бұған қоса, бұл тапаншаны тек Кеңес Одағында ғана емес, шет елдерде де шығара бастады: НДР-да «Pistole M» деген атпен шығарылды, сонымен қатар Қытай, Чехия, Болгария, Югославия мемлекеттерінде де кеңінен таралды.
Тапанша нарықта үлкен сұранысқа ие, соның ішінде АҚШ-та. Ұзындығы – 161 мм, биіктігі – 127 мм, ұңғысының ұзындығы – 93,5 мм. Макаров тапаншасы Финляндияда «Glock 17», «CZ-85» және «Beretta 92F» сынды дайындық-тәжірибелік курстарына міндетті тапанша төрттігінің көшін бастайды екен. Тағы бір қызықты дерек, Макаров тапаншасы – ғарышта болып келген алғашқы қару. «Восток» зымыранының ғарышкерлерінің керекті заттар жиынтығының құрамында болған екен.
Макаров тапаншасына сипаттама:
Оқ — 9х18 мм.
Оқ салатын қораптың оқпен салмағы — 0,81 кг, оқсыз салмағы — 0,73 кг.
Ұзындығы — 161 мм, ені — 30,5 мм, биіктігі — 126,75 мм.
Ұңғысының ұзындығы — 93 мм.
Оқ салатын қорап 8 оққа арналған.
Көздеу шегі — 50 м.
Жылдамдығы — 30 атыс/мин.
Оқтың ұшу жылдамдығы — 315 м/с.
Сурет: topwar.ru, air-gun.ru, co2airguns.net, vooruzhen.ru, gunsabout.ru