- Негізгі бет
- Бесқару
- Ердің құнын сұрапты...
Ердің құнын сұрапты
Әлемде қарудың түр-түрі бар. Біз қазір солардың арасындағы ең қымбатқа бағаланған 10 нұсқасын сіздерге ұсынамыз. Қызығы сол, бұл қарулардың ешқайсысы 10 данадан аспайды және әскери өмірде мүлдем қолданылмайды. Бұлар тек шалқыған бай коллекционерлердің қорында тұрады.
Оныншы орында швейцариялық әскери пышақ тұр. Құны – 70 мың АҚШ доллары. Оның сабы 950 сынамадағы платинамен және салмағы 4 караттық бриллиантпен қапталған. Пышақтың қалған бөліктері толығымен алмаздан құйылыпты. Кешенді құралдың құрамына таза алтыннан жасалған чехол мен алқа да кіреді.
Монархтар қаруы Boss 12GA O/U. Бұл қару рейтингтің 9-орнына жайғасыпты. Құны – 125 мың АҚШ доллары. Boss компаниясы Ұлыбритания монархтарының топтамасында тұрған нағыз патшаларға тән қаруларды жасап шығарады. Boss 12GA O/U моделі өзінің тартымдылығымен, жеңілдігімен және қымбат құнымен ерекшеленеді.
Спилберг қаруы - ІVO Fabbri 12G 189 мың АҚШ доллары құнымен көрсеткіштің сегізінші орнынан көрініпті. Бұл қару Италияда қолдан жасалады. Яғни шеберлер оны жасарда ешқандай автоматты құрылғыларды қолданбайды. Оны қару коллекционерлері таза өнер туындысы деп атап кеткен. Fabbri жанкүйерлерінің арасында Испания патшасы Хуан Карлос пен режиссер Стивен Спилберг те бар.
Викторияның екі мылтығы – Пурдидің қаруы. James Purdey&Sons компаниясы екі жүз жылдан бері қару шығарумен айналысып келеді. Ұлыбритания патшайымы Викторияның өзі компанияның негізін салушы Джеймс Пурдидің тұрақты тұтынушысы болған екен. Пурди тек тапсырыспен жасалады. Өндірісіне ешқандай құрылғы қолданылмайды. Коллекцияларының ішіндегі ең қымбаты төменде көрсетілген қос мылтық. Оның құны 195 мың АҚШ долларын құрайды.
Вакуум қаруы Fabbri. Құны – 229 мың АҚШ доллары. Бұл қару аталмыш компанияның ерекше вакуумдық-жылулық технологиясымен жасалған. Ол шектеулі данамен өндіріске жіберіліпті әрі айрықша гравюрамен безендірілген. Fabbri компаниясының қаруларын осы үшін де жоғары бағалайтынын жоғарыда айтып өттік.
Самурай қылышы – Катана. Бұл – уақытында самурайлар қолданған, ұзындығы 90-120 см болатын жапондардың тарихи қылышы. Ол сәл қайқылау жасалатын болған және құрылысына таза болат қолданылған. Оны жай ғана жылтыратудың өзіне бірнеше ай жұмсалады деседі. Осы Катананың ХІІІ ғасырда жасалған бір нұсқасын өткен ғасырда Нью-Йорк аукционынан әлдебір еуропалық 418 мың АҚШ долларын сатып алыпты.
20 O/U калибрлі Holland and Holland. Құны 550 мың АҚШ доллары тұратын бұл қарумен Америка президенті Рузвельттің өзі сафариға шыққан екен. Кейіннен аукционда жоғарыда көрсетілген бағамен сатылыпты.
Дамаск болатынан жасалған VO Falcon EditionVapen. Аталмыш қару толығымен атақты Шам болатынынан жасалған. Тұтқасына жаңғақ ағашы қолданылған екен. Әзірге бұл мылтықтың әлемде тек бір данасы ғана бар. Дегенмен, құрастырушылар алда әлі 4 жоба бар екенін айтады. Олардың әрқайсысы өзіне тән өрнектермен безендіріледі. Қазір қарудың кімнің қолына тиетіні белгісіз. Бірақ, бұл қару Швеция патшасы XVI Карлдың мұражайын толықтыратын секілді. Себебі, VO Falcon EditionVapen осы әулеттің тапсырыстарын орындаушы саналады. Қарудың құны 820 мың АҚШ доллары екен. Оған араб шейхтерінің де көзі түсіп жүрген көрінеді.
Шығыстың жақұты. Бұл қанжарды көргенде коллекция жинаушылар естен танады. Шығыстың жақұтын атақты шебер Бастер Варенски жасап шығарған. Қанжардың құрылысына әрқайсысы 10 караттық 153 изумруд және 10 дана бриллиант қолданылған. Өне бойы алтыннан құйылыпты. Ол әлдебір жапон кәсіпкерінің тапсырысмен 20 жыл бойы дайындалған екен. Құны $2,1 млн. құрайды.
Бонопарт Напалеонның семсері. Бұл ампир стиліндегі семсер 1799 жылы Бонопартқа «Мысыр жорығынан» кейін сыйға тартылады. Ол қару жасау өнерінің ең керемет туындысы болып танылған.
Оның жүзі шам болатынан құйылып, сабы алтын жалатылған қоладан құйылыпты. Напалеонның семсері 2007 жылы бәссаудада $6,1 млн. сатылып кетеді. Оған кімнің қожалық ету бақыты бұйырғаны белгісіз. Себебі, сатып алушы инкогнито күйінде қалғысы келген секілді. Қызығы, семсер 1978 жылдан бері Францияның ұлттық жәдігері саналады. Осыған орай, оны иесі жылына, кемінде 5 айға Францияға әкеліп тұруы тиіс.
Дайындаған: Дінмұхамед Мұхаметжан
Massaget