- Негізгі бет
- Бесқару
- Ең қорқынышты қарулар...
Ең қорқынышты қарулар
Қолыңда қылышың болғанымен, қорқақ болсаң, сойыл ұстаған батыр соғып алады. Қазақ халқы берен мылтық, алмас кездікті жеті қазынаға жатқызып, ердің бес қаруын ертеден қастер тұтқан. Ал көз көрмеген, құлақ естімеген көне дәуірде қандай қару түрлері болды екен? Көз салып, көңіл қойыңыз.
Какутэ
Соғыс сақинасы не какутэ – тікендер орнатылып, кішкене шеңбер етіп жасалған жапон қаруы. Соғыс кезінде саусаққа мұндай қарудың бір не екеуін тағып жүретін болған. Ортаңғы және сұқ саусаққа тағылады. Инесін ішке қаратып тағады да, жауын өлтірмей, қатты азаптау қажет болған жағдайда қолданады.
Макуахутл
Семсерге ұқсас ацтек қаруы. Ұзындығы – 90-120 см. Ағаштан жасалған жақтауы жанартаулық әйнек бөліктерімен бекітілген. 1884 жылдан бері қарай қолданыстан шығып қалған.
Хопеш
Хопеш — Ежелгі Египет суық қаруларының бірі. Түрі мен пішіні жөнінен семсер мен балтаның ортасындағы қару деуге болады. Бұл қарумен кесуге, турауға, шаншуға болады. Соңғы рет б.з.д. 1300 жылдары қолданыста болған.
Скиссор
Басында жарты ай пішінді темірі бар жеңқап. Жауды түйреп, қолмен ұруға арналған. Скиссор өлімге апармаса да, қарсыласты қинауға қолданылады. Онымен қарсы жақтың адамын қансыратып, не өлтірмей, не тірі қоймай, жанын азапқа салады. Қарудың салмағы жеңіл, ұзындығы – 45 см. Алғаш рим гладиаторлары қолданған.
Чжуа
Қытай қаруы. Басында адам алақаны бейнесінде жасалған ұзын сойыл темір. Қарсыласының дене мүшесін оңай жұлып алу үшін алақан басында сояудай тырнақ бейнесіндегі темір орнатылған. Салмағы 9 келідей тартатын бұл қару жауға шабуыл жасамай-ақ, тырнақтар арқылы үрейін ұшыруға да жарайды.
Моргенштерн
Моргенштерн атауы неміс тілінен аударғанда – «таңғы жұлдыз» деген мағына береді. Сырты қылқандалған дөңгелек пішінді суық қару жауды ұрып-талқандауға ыңғайлап жасалған. Салмағы 1,2 кг.
@. @assel_assanova