Bushmaster BA50 - нағыз ерлер қаруы

Bushmaster BA50 - нағыз ерлер қаруы

Bushmaster компаниясы 2013 жылы Лас-Вегаста өткен SHOT Show көрмесінде Bushmaster BA50 атты мерген винтовкасын таныстырды. Бірақ, аталған мылтық 2007 жылдың 20 тамызынан бастап шығарыла бастаған. Оған дейін бұл мылтықтың қарапайым түрі өндіріліп келген. Винтовка желді үш тежегішпен жұмыс істейді. Ол аңшылық мылтықпен салыстырғанда, 0.243 Win (6,2×52 мм) оқ-дәрімен ерекше. 

Винтовканың болаттан жасалған ашылмалы-жабылмалы тіреуші бар, ол мылтықты арнайы биіктікке көтеріп, мергенге ыңғайлылық тудырады. Және де тіреуіш белгілі бір формалармен тесілген түтік тәрізді.

Мылтықтың шүйдесі адам денесіне батпайтын арнайы жастықшамен көмкерілген. Ал сабы тапаншаның тұтқасының формасынмен жасалған. Мылтықты тазалау ыңғайлы болу үшін AR винтовкасының платформасының үлгісінде өндірілген. Мылтықтың ұңғы қорабының төменгі және жоғарғы бөліктері алюминийден жасалған. Нақтырақ айтқанда, алюминийдің T6-6061 түрінен. 

Тоттанудан және түрлі қолайсыз жағдайлардан сақтану үшін барлық болаттан және алюминийден жасалған бөлшектер арнайы материалмен қапталған. Соның ішінде, алюминді бөлшектер қара түспен анодталған. Ұңғы еркін тербелмелі жүйемен іске асады. Бұл дегеніміз, тура дәлдікпен атуға мүмкіндік жасайтын ұңғының арнайы қондырғысы. Әдетте, қарапайым мылтықтарда ұңғы мылтықтың оқпанының бекітілетін жерімен, не болмаса, ұңғы қорапшасымен, мылтықтың құндағымен байланысып тұратын еді. Бұл жүйе атылған оқтың траекториясы нысанадан ауытқымау үшін өте қолайлы. 

Bushmaster BA50 мылтығына жалпы сипаттама:
Калибр — 50 BMG;
Оқ қорабының көлемі – 10 оқ;
Жалпы ұзындығы – 1473,2 мм (147,32 см);
Ұңғысының ұзындығы – 762 мм;
Оқпанның сызығы – 381 мм;
Оқ қорабынсыз таза салмағы – 13,6 кг;


Сурет: firearmsworld.net, 1.bp.blogspot.com, mg2.wikia.nocookie.net, i1237.photobucket.com, operatorchan.org

Е. Жұмабайұлы