Әлемде қазір технологиялық революция қарқынды жүріп жатыр. Нәтижесінде жаңа технология енді әскери базаларға да әсерін тигізе бастады. Сіздерге болашақта қолданысқа шығатын, адам баласы армандап келе жатқан түрлі қарудың жобасын көрсетейік.
Жаңа технология негізінде дайындалып жатқан бұл қарудың ерекшелігі бұрыштан тұрып атуға арналған. Яғни бұрыштан дәлдеу кезінде мылтықпен бірге қозғалудың қажеті жоқ. Тек мылтықтың ұңғысы бұрыш жасап бұрылып атысуға мүмкіндік береді.
Ал бұл қару су астында жүріп атысуға арналып жасалады. Дәл қазір мұны Ресей Федерациясында өңдеп жатыр. Минутына 700 оқ жаудырып үлгеретін қарудың жету қашықтығы – 25 метр.
Бұл тапанша-пулемет есебінде пайдаланатын қару. Оны пулемет деп отырған себебіміз оқ жинақталған құрылғысы ноутбуктің батарейкасы секілді формада алдыңғы ұңғы үстінде орналасқан. Бұл ең жеңіл қарулардың бірі.
Техникалық жағынан келсек, бұл тіптен тапанша да емес, биометрикалық қару. Яғни тапаншаға о баста иесі өзінің саусақ таңбасын қалдырады және өзге ешкім оны пайдалана алмайды.
Бұл тапанша барлық жағынан қамтылған жаңа технологияның жетістігі. Себебі оның кей құрылғылары сағат, қолға тағатын браслет секілді дүниелермен жабдықталған. Аталған қару сізге қарсы бағыт ала алмайды. Яғни сағат кімнің қолында тұрса сол адамға бағынышты болады.
Бұл америкалық компания өңдеп жатқан жаңа винтовка түрі. Оның ерекшелігі дәлме-дәл тию жүйесінде. Құны 50 мың доллар тұрады.
Бұл револьвердің қарапайым тапаншадан немесе қарулардан ерекшелігі, атқан кезде артқа итерудің орнына алға қарай күш алады және дәл тию бағыты жүзден тоқсан бес пайыз.
Бұл қару барлық қаруларда болатын ату кезінде оқтың жоғары көтеріліп кету бағытын өзгертеді. Яғни атылған кезде ұңғыдан шығып тура тию бағыты 60-90 пайыз.
Бұл жазғы мезгілге арнайы жасалып жатқан винтовка. Оның ерекшелігі қарсы бағыттағы жаудың көзін соқыр қылуға арналған. Қару АҚШ жерінде жасалған.