Әскери шеру – елдің ішкі және сыртқы күшін халыққа көрсететін, жылына немесе белгілі бір арнайы уақытта өткізілетін мерекелік іс-шара.
2017 жылы 1 ақпанда Венесуэланың астанасы Каракаста мемлекеттің ұлт батыры, генерал Эзекуэл Замордың екі жүз жылдығына орай әскер шеру болды. Шеруде елдің мемлекеттік күші мен қорғаныс әскери, әуе күштері, құрлық әскерлері, барлық құрылғы іске қосылды.
Венесуэла – Оңтүстік Америкада орналасқан ел. Мемлекеттік тілі – испан тілі.
Мемлекет басшысы – Николас Мадуро және жұбайының шеруге қатысуы.
Венесуэланы ерте заманда үнді тайпалары мекендеген. Еуропалықтарға бұл елді алғаш 1498 жылы Христофор Колумб ашты. «Венесуэла» атауы «Кіші Венеция» деген ұғымды білдіреді.
Құрлық әскерінің шеру кезіндегі өнер көрсетуі.
Әуе күштері.
XIX ғасырда Венесуэланы әскери диктатуралар биледі. 1992 жылы сайлауда Уго Чавес жеңіске жетті. Чавес Венесуэлада социалистік республика құра бастайды. Ол экономикалық реформалар жасап, «Боливар революциясын» жариялады, революцияның негізі – бүкіл Оңтүстік Американың мемлекеттерін бір елге одақтастыру. Бүгінгі Венесуэла – Ресей, Иран, Қытай, Белорусь, Куба және Боливия сияқты елдермен жақын қарым-қатынас жасайды.
Әскері күшті елдің іргесі де берік.
Парашютпен түсу кезіндегі шеберлік өнері.