Әскери пышақтар қандай болады?

Әскери пышақтар қандай болады?
Фото: www.rabstol.net

Қарудың белгілі бір нұсқасы жоқ. Қоршаған ортаға қандай да бір зияны бар заттың барлығы қару болып есептеледі. Сонымен бірге арнайы пайдаланылатын қарулар бар. Оларға түрлі мылтық, танк, белгілі бір ұшақтар және пышақ жатады. Пышақтың да екі түрі болатынын жақсы білесіздер. Бірі ас үйде пайдаланылатын болса, енді бірі сарбаздарға тиесілі. Бүгін біз сіздерге осы бір суық қарудың әлемдегі ең күштілерімен таныстырамыз.

1) Каратель. 16 сантиметрлік ФСБ сарбаздарының қолынан табылатын суық қару үш түрлі жағдайда пайдаланылады. Ең бірінші жүзі өткір, қандай да болмасын затты оңай кесіп түсіретін болса, екіншіден сым, темірлерді кесуге арналған жүзі де бар. Бұдан бөлек балға ретінде пайдалануға болады. Өте қауіпті қарулардың бірі.

2) Акелла. Жылдам қимылдайтын жасаққа арнайы жасалған қару. Мұндай қаруды тәртіп сақшыларына да пайдалануға рұқсат. Ұзындығы 25 см құрайтын тапанша немесе мылтық пайдалануға рұқсат етілмеген кезде жаудың бетін қайтаруға арналған. Мықты темірден жасалған қаруды оңай қирату мүмкін емес. 

3) Витязь. Спецсназдар пайдаланатын қаруы. Ұзындығы 18 см болатын пышақтың жүзі өткір, әрі жіңішке болады. 

4) Барс АИР. Мұндай пышақтың екі жағы да еңбекке жарамды. Бір жағы жіңішке өткір болса, екінші жағы ара болады. Көбіне Барс суық қаруын жаяу әскерлер пайдаланады. Себебі қиын жағдайда пайдасы мол. 

B. ZHAQSYMBET