Американдық DARPA қорғаныс агенттігі шығаратын ұшқыш-роботтар қажетті ақпаратты діттеген жерге дейін жеткізеді. Әскери тапсырма орындалған соң бұл аппараттар жоқ болып кетеді.
Ұшқыш-робот 1,4 келіге дейін жүкті GPS бойынша жеткізе алады.
DARPA мәліметінше, аппарат жүктелген тапсырманы орындай салысымен, бастапқы шыққан жеріне қайтып оралмастан ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Әскери-барлау мақсаттары үшін шығарылған роботтың бұл функциясынан қорғаныс ведомствосына керегі де сол.
Себебі ұшқан ізімен қайтып оралған жағдайда, құрылғы сарбаздардың орналасқан жерін қарсылас жаққа білдіріп қоюы мүмкін.
Дереккөз: 24.kz