Әскер күшті болуы үшін қару сапасы жоғары болу керек, ал толықтай қамтамасыз етілуі оның санына тікелей байланысты. Қару-жарақ өндірісінен қару көптеп өндірілгенімен, миллиондаған данамен шығатындары саусақпен санарлықтай. Олар өздерінің өзге қарулардан атуда ыңғайлылығының, ұрыста тиімділігінің, т.б. өзіндік ерекшеліктерінің арқасында нарықта үлкен сұранысқа ие болып отыр. Олай болса, миллионнан астам таралыммен әлем әскеріне жол тартқан бес қарумен таныс болыңыздар.
5. AR – 15/ M16. 8 миллионнан астам таралым
Калашников автоматымен қатар, ХХ ғасырда M16 мылтығы ең танымал мылтық атанды. M16 Еуропада, Азия, Африка және Америка елдеріндегі қарулар тізіміне енген. Оның шүйдесі мен оқпаны қара түсті болғандықтан, M16 «Қара мылтық» («Черная винтовка») деген атауға ие. M16 белгілі қару жасаушы Юджин Стонердің құрастыруымен жасалған. Бұл мылтық ұрыс алаңына 1962-1966 жылдары Индонезия-Малазия майданы кезінде шығып, британ әскерінің арнайы бөлімшелерінде қолданылған. Бірақ, «Қара мылтық» Вьетнам соғысы кезінде, АҚШ пен Оңтүстік Вьетнам әскерінің қарулар қатарына еніп, сол кезден бастап әлемге таныла бастады.
4. РПГ – 7 гранатаметі. 9 миллионнан астам таралым
ГСКБ-47-нің ( Жүйелі Құрастырудың Бас Кеңсесі – Головное системное конструкторское бюро) құрастыруымен шығарылған бұл гранатамет реактивті гранаталармен атуға арналған. Сонымен қоса, ол танктерді, өзі жүретін артиллерия құрылғыларын, басқа да қорғаныс техникаларын, қауіпсіз жерде жасырынған қарулы күшті, төмен ұшатын (жерге жақын) құрылғыларды жоя алатын қасиетке ие. РПГ – 7 қарулар қатарына 1961 жылдан бастап енді.
3. «Узи» тапанша-пулеметі. 10 миллионнан астам таралым
Израильдік концерн (монополистік бірлестіктердің күрделі нысандарының бірі) Israel Military Industies (IMI) өндірген бұл тапанша-пулеметті қару құрастырушы Узиэль Гальдің құрметіне орай «Узи» деп атаған. 1956 жылы «Узи» қаруы алғаш рет өзінің қабілетін Суэц дағдарысы мезгілінде танытты. Алты күндік шайқаста осы қарумен жасақталған жаяу әскер Голан шыңындағы сириялық бекініске шабуылдады. Қарудың шағындығы, оны қуаттаудағы ыңғайлылық бетонды бункерлердің көзін жоя алды. Бүгінгі таңда «Узиді» тоқсан бестен астам мемлекеттің қарулы әскері қолданады.
2. Remington 870. 10 миллионнан астам таралым
Бұл америкалық қаруды 1950 жылы Remington Arms компаниясы шығарған. Remington 870 қуаттаудағы ыңғайлылығының арқасында әлемдегі таралымы көп қарулар қатарына жатады. Remington 870 түрлі нұсқада өзгеріп шығып отырады. Әскерилерге, полиция қызметкерлеріне, аңшыларға, мергендерге, сонымен қатар өзін-өзі қорғауға арналған түрлері бар. Оның полиция қызметкерлеріне арналған нұсқасы өзге үлгілерінен 355 не 457 миллиметрлік ұңғысымен ерекше.
1. АК-47. 100 миллион таралым
1946-1949 жылы Михаил Калашников құрастырған бұл автомат 1949 жылы Кеңес әскерінің қаруы қатарына қабылданған. Бұл автомат АКМ, АК-47, РПК пулеметі, карабин, «Сайга» мылтығының негізгі түрі боп есептеледі. Елу шақты шетел әскерінің қаруы атанды. Калашников автоматының басты бәсекелесі – М16 мылтығы. Сарапшылардың айтуы бойынша, АК – сенімділік пен қарапайымдылықтың эталоны.
Оқи отырыңыз:
1. Аты аңызға айналған Драгунов мергендік винтовкасы
2. Әлемдегі ең мықты һәм танымал 10 қару
3. Бұл қызық: Екі оқты қатар ататын қос ұңғылы тапанша
4. Әлемдегі ең үлкен револьвер
5. Аустриялық әскери әмбебап қару (AUG)
Сурет: upload.wikimedia.org, home.comcast.net, content.foto.mail.ru, en.heritage-airsoft.com.