Алып калибрлі винтовкалар Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі танкке қарсы қолданған қарулардың «туысқаны» болып келеді. Олар арасы екі километрге жететін қашықтықта қолданылған.
Ең алғаш M82A1 аталған винтовканың бірі болды. Бұл қаруды тұңғыш рет теңіз миналарын құрту үшін пайдаланған. Жаңадан жасақтала бастаған қаруға әскерилердің қызығушылығы арта бастады. Соңғы кездері аталған винтовканың қарқыны зор. Алыс қашықтықтан атылған күннің өзінде винтовка кез келген қорғаушы жидеңізді тесіп өтеді.
Тарихы
Өз кезінде бұл винтовка алып жүруге ыңғайсыз, ауыр құралдар қатарына жатқан. Алғаш ХІХ ғасырда қолданыла бастады. Орыс-түрік соғысы кезінде көп пайдаға асқан. Ал Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ағылшындар винтовканы аңға арналған ең мықты 600 Nitro Express оғымен қолданған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұл қару танкке қарсы күш ретінде қолданыста болған. Соғыс аяқталғаннан кейін винтовка қолданыстан қалды. Себебі барынша адам ыңғайына көнетін құралдарды ойлап таба бастаған тұста, техника өсу кезінде бұлардың орны сөреде болды. Дегенмен араға біраз уақыт салып қарудың жаңа түрі де шықты. Жаңа толқынмен келген М500 винтовка 1981-1982 жылдары Американың Research Armaments Prototypes фирмасында өндірілді. Оны АҚШ-тың әскерлері үшін арнайы жасады. Қарудың дәл өзі сол кездегі «Шөлдегі құйын» операциясы кезінде қолданылды.
Әлемдегі ұзақ қашықтыққа атылатын винтовка
2009 жылы құрастырылған CBLK-14S винтовкасы 2014 жылы қайтадан өңдеуден өтіп, жаңа үлгіде құрастырылды. Құрастырылған жері – Lobaev Arms. Дәл қазір аталған винтовка тек рекордтық көрсеткішке жету үшін дайындалып жатыр. Құрастырушылардың айтуынша, қарудың ұзақтығы 2,5 км, сандықшаның ұзындығы – 900 мм, салмағы – 9,6 кг. Дәл қазіргі кезде ең ұзаққа атылатын винтовка ретінде бұл сатылымда бар.
Barrett M82 – әлемдегі ең ұзақ қашықтыққа атылатын винтовка