Әлем қаруы: арбалет

Бағзы заманнан бері қару-жарақ адам баласының құралына айналды. Суық қару болсын, аң аулауға арнайы дайындалған қару түрлері болсын адам баласы әлі күнге дейін қолданып келеді. 

ХХІ ғасыр технологиясы дамыған дәуір болғанымен, оның ойлап тапқан қаруларының бастапқы үлгілері сонау біздің заманымызға дейінгі уақытты пайда болған. Тайпалар өмір сүрген заманда азық үшін аң аулауға шыққан. Сол кезде қарудың неше түрі жасалды. Оны жасаушы да – адам. Найза, садақ, таспен ататын көптеген құрал бүгінгі дамыған суық қарулардың арғы аталары. 

Солардың бірі – механизмі қарапайым, алыстан атуға қолданылатын арбалет. 

Арбалет садақтың жебесінен екі есе алысқа жету күші бар қару. Оның оғы 400 грамм тартатын мыстан не темірден құйылады. Сабы қарапайым жеңіл қара ағаштан тұрады. 

Арбалет көненің қаруы ма? 

Бүгінде кез келген дүниені сатып алуға болады. Тіпті арбалетті де кез келген қару-жарақ дүкенінен ақшаңыз болса ала аласыз. Ал бұл қарудың сонау 10-11 ғасырға тән екенін білесіз бе?! 

Қытай императоры Ли Хунның кезінде оған сый ретінде осы арбалет тарту етілген. Бірақ ол кездегі аты – «ерекше күшке ие садақ». Әкелінген сыйлықтың күшін көрген император тез арада осы қарудың мың данасын шығаруды тапсырған. Өкінішке орай хан ерекше күшке ие садақтың барлық адамға қол жетімді болуын қаламады. Тек арнайы жасақтар мен хан сарайының әскерлері ғана қолдана алды. 

12 ғасырдың тұсында арбалетті сату және оны қолдану Еуропада тоқырап қалды. Тоқырау кезеңіне шыққан заң әсер етті. Тіпті қолдануға тыйым салды. Ал бұған тыйым салған Рим папасы болатын. Ол арбалетті «құдайға қарсы қару» деп тапты. Өйткені оны тек тәжірибелі адамдар ғана емес, әйел де, бала да пайдалана алатын болды. Осы себептен бұл қару біраз уақыт ішінде тыйым салынған қару болып саналып келді. 


Қазіргі кезде арбалеттің мыңдаған түрі бар. Бірі көздеп атуға арналған әйнегімен жасалса, бірі жалаң түрде істелген. Тіпті саятшылыққа шығатын азаматтар қатары өздеріне ыңғайлап тапсырыс бере бастады.